Америкалық бұрыш АҚШ қонақтарын қарсы алды
- Толығырақ
- Құрылды 27.11.2018 19:41
Бүгін 27 қараша күні кітапханаға Астанадан АҚШ Елшілігінен қонақтар келді. Олар АҚШ елшісінің орынбасары Теодор Линг, баспасөз, білім және мәдениет жөніндегі кеңесшісі Кристиан Райт, , Грант бағдарламасының үйлестірушісі Салтанат Гниненко және, БАҚ бойынша ассистент Тоғжан Мұқатаева.
Кітапхана директорының орынбасары Шагиева Бибігүл Жамбылқызы қонақтарды қарсы алып, кітапханаға экскурсия жасап, оларды кітаптар мен электрондық ресурстармен, клуб, үйірме жұмыстарымен таныстырды. Қонақтар Coworking Орталығында, Балалар секторында, оқу залында, арнаулы қызметтер залында және Америка бұрышында болды.
Кітапхананың Американдық бұрышы 2003 жылы желтоқсанда АҚШ Мемлекеттік департаментінің Американдық бұрыштар бағдарламасы бойынша, АҚШ-тың білім алмасу бағдарламалары туралы ақпаратқа қол жеткізу, мәдениет, білім, әлеуметтік ынтымақтастық саласындағы гранттық бағдарламалар жүзеге асыру, ағылшын тілін үйренуге қолдау көрсету мақсатында ашылған болатын.
Американдық бұрыштың қызметі балалар, студенттер, кәсіпкерлер мен ағылшын тілін үйренгісі келетін барлық адамдарға тегін білім беру, халықаралық емтихандарды дайындауға және тапсыруға, алмасу бағдарламалары бойынша кеңес беруге көмектеседі. Сондай-ақ, бұл жерде ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын дамытуға арналған , шешендік сөз өнеріне, көпшілік алдында сөйлеуге үйрететін ақысыз бірқатар пікірталас клубтары жұмыс істейді.
2010 жылдан бастап English Access Microscholarship Programm – аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға ағылшын тілін тегін оқытуға арналған 2 жылдық стипендиялық бағдарлама жүзеге асырылуда.
Осы бағдарламаның үздік түлектері Түркиядағы жазғы лагерьлерге қатысты. Әр түрлі сайыстарда жеңіске жетіп, FLEX ,UGRAD бағдарламалары бойынша Америкада оқыту үшін гранттарды жеңіп, еліміздің үздік жоғарғы оқу орындарында оқуларын жалғастыруда.
Қазіргі уақытта Американдық бұрыш негізінде, MakerSpace алаңы құрылып, 3D модельдеу және бағдарламалау, компьютерлік дизайн бойынша тренингтер өткізіледі.
АҚШ Елшілігі бағдарламалары грантының үйлестірушісі Салтанат Гниненко үкіметтік емес ұйымдар мен коммерциялық емес ұйым өкілдері, сондай-ақ, Америка бұрышы пайдаланушыларына арналған «АҚШ Елшілігінің шағын гранттары» бағдарламасы бойынша тренинг жүргізді.
Теодор Линг, Астана қаласындағы АҚШ Елшілігі елшісінің орынбасары English Access Microscholarship Programm , FLEX. UGRAD алмасу бағдарламалары түлектерімен және кітапхананың ағылшын тілін жетік меңгерген пайдаланушыларымен кездесті.
Кристиан Райт, баспасөз, білім және мәдениет жөніндегі кеңесшісі :
- Қазақстанда 12 америкалық бұрыш бар. Ең алғашқы бұрыш Өскемен қаласында ашылған болатын. Біз Өскемендегі әріптестерімізбен кездесуге келдік, бар байланыстарымызды дамытып, жаңа байланыстар орнатқымыз келеді. Біз әрқашан серіктестеріміздің идеяларын қолдауға дайынбыз. Сіздердің аймақтағы ынтымақтастығымызды жалғастырамыз деп үміттенеміз.
|
|
|
|
|
|
|
Байланысшы: Жансая Ашкенова
Байланыс тел.261 333,ішкі.119
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26342721
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы