Америка бұрышында Брайан Байроспен кездесу
- Толығырақ
- Құрылды 22.11.2018 18:58
Биыл Қазақстанның барлық аймақтарында, әсіресе, ауылды жерлерде “Нұр Отан” партиясының “Жас Отан” жастар қанатының бастамасымен “English for Jastar” жобасын қолға алған болатын. Осы жоба аясында америкалық волонтер Брайан Байрос Зайсан ауданында жоғарғы сынып оқушыларын ағылшын тіліне үйретті. Бүгін кітапханада Брайан Байрос сұрақ-жауап форматында жастармен, ағылшын тілін үйреніп жүрген кітапхана пайдаланушыларымен кездесті.
Қазіргі таңда аталған жоба облыстың Аягөз, Бородулиха, Зырян, Зайсан, Катонқарағай және Үржар аудандарында жүзеге асырылуда.
Маржан Бақыт, "Нұр-Отан" ШҚО филиалының "Жас Отан" жастар қанатының төрағасы:
Жобаға 9-10 сыныптардан 500-ден астам оқушы қатысты. Екі айдың ішінде тіл деңгейін жоғарылату шындыққа жатпайды, бірақ студенттердің өздерінің пікірлерін талдай отырып, оларға шын мәнінде оқу қатты ұнаған. Жоба қатысушылары бос уақыттарын Брайанмен өткізген. Олар бірге дебат ұйымдастырып, сенбілікке қатысып, саяхатқа да шыққан. Қазір біз жобаны талдап, қатысушылармен сауалнама жүргізудеміз. «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратына толықтырулар мен ұсыныстарымызды дайындаудамыз.
Брайан Байрос, кітапхананы аралап көргеннен кейін, кітапхананың жұмыс істеу деңгейіне, қызмет көрсетудегі жаңа технологиялар, мүмкіндігі шектеулі жандарға еркін қолжетімділік, қызметкерлердің кәсіби деңгейіне таң қалды.
Байланысшы: Жансая Ашкенова,тел.261 333,ішкі.119
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26338668
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы