Bilimfest жастар фестивалі
- Толығырақ
- Құрылды 16.01.2019 17:39
16 қаңтар күні еліміздің барлық облыс орталықтарында Bilimfest фестивалімен жастар Жылына арналған республикалық іс-шаралар бастау алды. Осы күні кітапхананың білім орталығы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының «Жас Отан» жастар қанатымен бірге Bilimfest фестивалін өткізді.
Қонақтар қазақ даласының ұлы тұлғасы, әйгілі Шығыс ғалымы, математик, музыкант, философ, Аристотельдің ізбасары саналатын Әл-Фарабиға арналған ғылыми-әдеби бұрышта әдебиеттер көрмесімен танысты. .
Фестивальға қатысушылар қаладағы танымал бизнесмен, мецанат «Жомарт-жүрек 2017» сыйлығының лауреаты, Өскемен қаласы мәслихатының депутаты, қаламыздың құрметті азаматы Сергей Викторович Коротинмен сұхбат алаңында кездесті.
Білім Орталығының маманы Қалиева Бақытгуль кездесуді өлкеміздің дамуына елеулі үлес қосып жүрген табысты кәсіпкер Сергей Викторович Коротиннің жетістіктерінің тарихынан бастады.
Сергей Викторович жастармен кездесуге бизнес-ментор ретінде шақырылған болатын. Қонағымыз жастармен өзінің бай өмірлік және кәсіби тәжірибесімен бөлісті.
Студенттер, стартаптықтар, жас кәсіпкерлер бизнес-ментордың жеткен жетістіктерінің құпиясын біліп, кеңес алып, сондай-ақ өздерін қызықтырған сауалдарын қойды.
Басқосу соңынан кітапхана ұжымы естелік ретінде «Большая книга Мудрых притч со всего света» суретті кітабын және кітапхана маманы, суретші Есбол Нұрсадықовтың Сергей Викторовичтің жастармен кездесу сәтін қарындашпен салған портреті сыйға тартылды.
«Нұр Отан» ХДП ШҚО филиалының «Жас Отан» Жастар Қанатының төрағасы Маржан Бақыт кездесуге қатысушыларды белсенді қатысып, қызықты сауалдар қойғаны үшін алғыс айтып, Сергей Викторовичке «Jas Otan» логотипімен футболка, бейсболка мен имиджевsq бомбер сыйлады.
Медеу Болатов, № 47 орта мектептің 9 сынып оқушысы, «Жас ұлан» қалалық комитетінің төрағасы:
"Өзінің туған қаласы үшін, көп нәрсе жасайтын табысты адаммен кездесу мен үшін үлкен әсер қалдырды. Оны тыңдай отыра, мен тіпті өз ісімде кейбір жағдайларды қайта қарастырдым. Ол кісінің жетістікке жету тәжірибесін бағалай отырып, болашаққа жаңа мақсаттар қойдым".
1 қабаттағы білім орталығында Өскемен қалалық мәслихатының депутаты, Өскемен қаласы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» директоры, «Жас Отан» жастар қанатының Өскемен қалалық филиалының бастығы Ринад Ахметжанов бір уақытта жұмыс жасайтын белсенді жастармен, біздің тұрақты оқырмандарымызбен кездесті.
Ринад Руланұлы кездесуде қазіргі таңда жасөспірімдерді заманауи тәрбиелеуде мұғалімнің рөлінің өте маңызды екенін атап өтті. Қатысушылардың сұрақтарына анық әрі толық жауап беріп, жетістікке жетудегі өзінің тәжірибесімен бөлісті.
Сағат 15.00-де шет тілін үйреніп жүрген жастар киноклубта шетелдік қонақтар Саманта Блонд пен Карлин Синегалдың қатысуымен ағылшын тіліндегі қысқаметражды фильмдер көрді.
Фестиваль соңынан ұйымдастырушылар жастарды жастар Жылы бағдарламасының іске асуына белсене араласып, ең алдымен, өз әлеуетін, жеке дамуын арттыруға, гүлденген заманауи, күшті мемлекеттің лайықты азаматтары болуға шақырады.
|
|
|
|
|
|
|
Байланысшы: Жансая Ашкенова
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26051582
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы