homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВBilimfest: Жастарға арналған білім беру фестивалі
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Bilimfest: Жастарға арналған білім беру фестивалі

Елбасымыз “2019 жылды жастар жылы деп жариялап, іс-шаралар өткізу керек, оған біздің тәжірибеміз бар. Жастарымызды, Қазақстанның болашағын әр салада қолдауымыз керек”, – деген болатын.
Осыған орай 2019 жылдың 16 қаңтарында еліміздің барлық облыс орталықтарында Bilimfest фестивалімен жастар Жылына арналған республикалық іс-шаралар бастау алады. Осы күні  кітапхананың білім орталығы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының «Жас Отан» жастар қанатымен бірге бірқатар қызықты іс-шаралар өткізеді.

 Cағат 12.00 - де фестивальға қатысушылар қаладағы танымал бизнесмен, мецанат «Жомарт-жүрек 2017» сыйлығының лауреаты, Өскемен қаласы мәслихатының депутаты, қаламыздың құрметті азаматы Сергей Викторович Коротинмен сұхбат алаңында кездеседі.
Табысты кәсіпкер Сергей Коротин жастармен кездесуге бизнес-ментор ретінде шақырылып отыр. Қонағымыз өзінің бай өмірлік және кәсіби тәжірибесімен бөлісуге дайын. Студенттер, стартаптықтар, жас кәсіпкерлер бизнес-ментордың жеткен жетістіктерінің құпиясын біліп, кеңес алады, сондай-ақ қонағымызға және «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Маржан Бақытқа өздерін қызықтырған сауалдарын қояды.
15.00-де шет тілін үйреніп жүрген жастар киноклубта шетелдік қонақтар Саманта Блонд пен Карлин Синегалдың қатысуымен ағылшын тіліндегі қысқаметражды фильмдер көре алады.
Фестиваль ұйымдастырушылары жастарды жастар Жылы бағдарламасының іске асуына белсене араласып, ең алдымен, өз әлеуетін, жеке дамуын арттыруға, гүлденген заманауи, күшті мемлекеттің лайықты азаматтары болуға шақырады.

Байланысшы: Мусабаева Шолпан, тел. 87770621332
Рахимбаева Бахтылы, тел.608980

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26050508
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102