Рухани жаңғыру: Шығыстың шырайын келтірген әз-ағалар
- Толығырақ
- Құрылды 10.01.2019 10:51
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2019 жылдың 18 қаңтар күні сағат 15.00-де кітапханада шығыс өңірінің тұмса табиғатын, жерлестерінің ерен еңбегін жырлаған жазушы Мүсілім Құмарбеков пен талантты ақын, драматург, журналист Ғалым Байбатыровты еске алу кеші өтеді. Көзі тірі болса биылғы жылы Мүсілім Құмарбеков 80 жасқа, Ғалым Байбатыров 70 жасқа толар еді.
Оқырман жүрегінен орын алған қос жазушының кітаптары, олар туралы естеліктер «Шығыстың шырайын келтірген әз-ағалар» атты көрмеден қос қаламгердің шығармашылығы Шығыс Қазақстанның мәдени өмірінің ажырамас бөлігі екенін дәлелдей түседі. Мүсілім Құмарбеков Алтай өңірінің табиғаты мен жан-жануарлар дүниесін, адам-пенденің табиғи ортадағы орнын, табиғат атты тылсым дүниенің алдындағы парызы мен қарызын айқындайтын шығармаларымен танымал. Ал Ғалым Байбатыров халқының арман-мүддесін шығармаларына арқау етті. Елі үшін қызмет атқарып, қаламын қару етіп мақала, пьесалар, өлең-жырлар жазумен өмір кешті. Араға он жыл салып екеуі де Журналистер Одағының мүшелігіне өтіп, түрлі әдеби конкурстар мен сыйлықтардың жеңімпазы атанды. М. Құмарбеков Шығыс Қазақстан облысынан Қазақстан Жазушылар Одағына қабылданған алғашқы жазушы болды.
Еске алу кешінің қонақтары – авторлардың әріптестері, журналистер, «Жас отан» мүшелері, дос-жолдастары мен отбасы мүшелері. Кеш барысында Жазушылар одағының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Ә. Қаңтарбаев мерейгер авторлар жайлы, олардың шығармашылық жетістіктері мен жеңістері туралы сыр шертеді. Қос қаламгер еңбек еткен «Дидар» («Коммунизм туы») газетінің ұжымы, отбасы мүшелері қызықты естеліктермен бөлісіп, шығармаларынан үзінділер оқылып, өлеңдері жатқа айтылады. Әнші, облыстық театр актрисасы Майра Қаламқызы Ғ. Байбатыровтың өлеңдеріне жазылған әндерді шырқап кеш шырайын аша түспек.
Үстіміздегі жыл Елбасы жарлығымен Жастар жылы деп аталып отыр. Өлкеміздің тарихы, әдеби дәстүрі жайлы кең мағлұмат беретін осындай танымдық кештердің жастарға берер өнегесі мол болмақ. Туған жерге деген сүйіспеншілікті нығайтып, патриоттық сезім ұялататын кеш оқырмандар жүрегіне жол тауып, рухани байытары анық.
Кітапхана қала жастарын – студенттер мен жоғарғы сынып оқушыларын, сонымен қатар журналистер, шығармашылық интеллигенция, мәдениет саласы қызметкерлері мен жазушылар шығармашылығының жанашырларын осы кешке қатысуға шақырады.
Байланыс:Слямова Зиза, тел. 261333
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26051582
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы