ҰЛЫ ДАЛА РУХАНИЯТЫ ЖӘНЕ ТҮРКІ ӘЛЕМІ
- Толығырақ
- Құрылды 27.12.2018 14:13
Желтоқсан айының 24 жұлдызында Астана қаласының төрінде мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Ұлы дала руханияты және түркі әлемі» тақырыбында кітапхана форумы өтті.
Елбасы Н. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын іске асыру аясында ұйымдастырылып отырған ауқымды шараға ҚР Парламентінің депутаттары, дипломатиялық корпустың, ғылыми және шығармашылық қауымдастық өкілдері, түркітанушылар, жазушылар, ақындар, аудармашылар, әдебиеттанушылар, журналистер қатысты.
Кітапхана форумында «Бір ел - бір кітап - 2018» республикалық акциясының қорытындысын шығарды.
«ҚАЗАҚСТАН КІТАПХАНАЛАРЫ: БҮГІНГІ КЕЛБЕТІ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ» дөңгелек үстел отырысында А.С. Пушкин атындағы кітапхана директорының орынбасары Шагиева Бибигуль Жамбыловна «Бір ел - бір кітап 2018» акциясы бойынша ШҚ облыстық кітапханаларының тәжірибесін ұсынды. Осы жылы акция бойынша Шығыс Қазақстандық кітапханалар ең көп іс-шара өткізген аймақтардың бірі.
Бибигуль Жамбыловна форумда Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының төс белгісімен марапатталды.
Біздің кітапхананың оқырманы Уалханов Замербек республикалық «Бір ел - бір кітап» акциясы бойынша Шығыс Қазақстан облысының ең үздік оқырманы болып табылды.
Бүгін, 27 желтоқсанда Уалханов Замербек Нұралыұлы «2018 жылғы үздік оқырман» номинациясы бойынша сертификат пен ақшалай сыйлық тапсырылды.
Замербек Нұралыұлын құттықтаймыз және біздің өңірде кітап оқуды насихаттауға қосқан үлесі үшін алғысымыз шексіз.
Республикалық "Бір ел - бір кітап" акция комитеті мен әлеуметтік желідегі оқырмандардың таңдауы арқылы 2019 жылы жазушы Әбіш Кекілбаевтың "Аңыздың ақыры" романы және ақын Әбділда Тәжібаевтың поэзиялары оқылатын болады!
| |
Байланысшы : Жансая Ашкенова ,261 333,ішкі 119
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26049015
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы