Рухани жаңғыру: АрдагерFest. Мерзімі ауыстырылды
- Толығырақ
- Құрылды 02.02.2019 12:02
2019 жылы еске алынатын атаулы күндер аз емес. Соның бірі – кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылуының 30 жылдығы. Осыған орай, 20 ақпан күні А.С. Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасында АрдагерFest іс-шарасы ұйымдастырылады. АрдагерFest сағат 10.00.-де кітапхананың «Білім орталығында» бір уақытта шахмат ойнау сеансынан бастау алады. Сеанс жүргізушілері – "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемендегі қалалық ұйымы" ҚБ ардагерлері. Интеллектуалдық жаттығу алаңы шахмат ойынынан өз шеберлігін жетілдіргісі келетін барша талап білдірушілерді ойын алаңына шақырады.
Бұл күні қатысушыларға MakerSpace шығармашылық алаңында өтетін «солдат ойынына» қатысып, құрастырып жинау, сандық бағдарламалық басқару (ЧПУ) арқылы фрезермен кесу, 3D-принтерде солдат, кеме, ұшақ және басқа да әскери техника түрлерін модельдеп, басып шығару т.б айналысуға болады. Кітапхананың жас оқырмандары дамытушы онлайн-ойындар ойнап, қызықты виртуалды шайқастарға қатысып, күш сынасады.
Оқушылар ArdagerFest барысында «барлауда» қайсарлықтарын сынап, Шығыс Қазақстанның әскери орындары бойынша патриоттық квесттен өтеді. Балалар қажетті өлкетанулық білім алып, зеректіктерін танытады, сонымен бірге, жігерлі топтық рух пен сенімді достық ахуалды сезіне алады.
Тақырыптық бағдарламаның негізгі бөлігі – кітапхананың мәжіліс залында сағат 15.00-де өтетін Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу. «Жанды кітап» форматында «Ауған соғысы ардагерлерінің Шығыс Қазақстан облыстық Одағы» ҚБ мен «Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемендегі қалалық ұйымы» ҚБ ардагерлері өздері жайлы, жауынгерлік бауырластық пен достық, қазіргі уақыттағы қоғамдық жұмыстары жайында әңгімелеп, жастардың сұрақтарына жауап береді. Осы бір жылы бейресми кешке Ахмер орта мектебінің кадет класы оқушыларының концерттік нөмерлері ерекше әсер бермек.
Сондай-ақ, бұл күні келушілер назарына «Ауған естелігі» атты кітап экспозициясы ұсынылады. Көрмеден оқу залының архивтік қорының кітаптары, мерзімді басылымдар беттерінен тарихи деректі мәліметтер, әскери борышына деген адалдық, ерлік, интернационалист-жауынгерлер жайында жазылған көркем шығармалар орын алады.
Кеш соңында патриоттық және лирикалық әндер орындалады. Қалалықтарды тамаша әуендер тыңдап, «Горный ручей» бард-рок-клубымен бірге барлығына таныс, көпшіліктің көңілінен шыққан әндерді бірге шырқауға шақырамыз.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев жас ұрпақты патриоттық, отаншылдық рухта тәрбиелеу – мемлекетімізді дамытудың басты өзегі – деп жиі атап өтеді. АрдагерFest мектеп оқушылары, студенттер, педагогтар, шығармашылық интеллигенция өкілдерін осы іс-шараға қатысып уақыттарын қызықты әрі пайдалы өткізуге, бастысы – ерлік пен патриотизмнің өшпес үлгісін көрсеткен адамдарға құрмет көрсетуге шақырады.
Анықтама тел.: 261-333, ішкі. 123, Сақпанова Жанна
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26343806
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы