Жаны нәзік, рухы асқақ!
- Толығырақ
- Құрылды 03.03.2019 16:55
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 2019 ж. 6 наурыз күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада бір күн бойы «Жаны нәзік, рухы асқақ!» атты мейрамға арналған мерекелік іс-шара өтеді. Тақырыптық кітап көрмесінде оқырманға нәзік жанды әйел образын кеңінен ашатын көркем, деректі әдебиеттер, мемуарлар ұсынылады.
Мейрам сағат 11.00-де «В кругу друзей» клубы мүшелері дайындаған мерекелік концерттік бағдарламадан басталып, 13.00-де кітапхананың тұрақты пайдаланушылары «Алтын-ай» мүгедек әйелдер ҚБ және «Үлбі» дәрігерлік-әлеуметтік орталығының балалары мен жастары, «Ақ ниет» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп-интернат оқушыларының қатысуымен өтетін «8 Наурыз – Аналар күні» бағдарламасымен жалғасады.
15.00-де жастар мен нәзік жандылар арасында сирек кездесетін қызықты мамандық иелерінің тартымды да, тиімді кездесуі өтеді. Кездесудің ерекше қонақтары – әйел-ұста, көпбалалы ана – журналист, дәрігер-генетик, сонолог, әйел-офицер, спортсмен – жауынгерлік өнер чемпионы. Ерекше мамандық иелері өздері таңдаған мамандықтары жайлы әңгімелеп, жастарға қайрат-жігері, еңбексүйгіштігі, мақсатқа талпынушылығымен жаңа шабыт сыйлары сөзсіз.
Мерекелік кештің ұйымдастырушысы – кітапхананың Білім орталығы мамандық таңдауда тұрақтанып қалған стереотиптен аттап өтіп, өз жолында жоғары жетістікке жеткен әйелдермен дидарласып, сұхбаттасу жастарға өмір жолын таңдауға көмектеседі деген сенімде. Кездесу кейіпкерлерінің жарқын үлгісі жастарды арманына қол жеткізуге, жаңа қызықты мамандықтарды игеруге, көшбасшы болып, алға қойған мақсаттарына жетуге шақырады. Бұл – «Жастар жылының» алға қойған мақсат-міндеттеріне қарай алға жылжудың бір қадамы.
Кездесу барысында от пен металды ауыздықтауды игерген өлкеміздегі жалғыз әйел-ұста Светлана Кошелева өз мамандығы туралы әңгімелеп берсе, төрт баланың анасы, әрі табысты тележурналист Айдана Дайырова тайм-менеджмент құпияларымен бөліседі.
Әлі өмірге келмеген сәбидің денсаулығын сақтауға көмектесетін мамандықтар жайлы Ана мен бала орталығының дәрігерлері – облыстың бас генетигі Жүбайла Касенова мен сонолог Ақмарал Талғатқызы әңгімелейді.
Лейтенант Самал Есперова нәзік жанды әйел адамға погон тағып, әскери династияны лайықты жалғастырудың сырымен бөліседі. Ал Қазақстан тарихындағы тұңғыш аралас жауынгерлік өнерден ел чемпионы Варвара Полтаранина мың бұралған бишіден қалайша жауынгер-қызға айналып, мамандық ауыстырғаны жайлы қызықты сұхбат береді.
Ерекше жерлестерімізбен кездесуге жоғары сынып оқушылары, студент жастар мен барлық қызығушылық танытушылар шақырылады.
Байланысшы: Калиева Бахытгуль Тубиевна, тел.: 261-333 (ішкі 115)
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26342792
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы