homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВРухани жаңғыру: «Өнерім – еліме!»
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Рухани жаңғыру: «Өнерім – еліме!»

12 наурыз күні сағат 15.00-де  кітапханада белгілі дәстүрлі әнші, ұлттық өнерді дамытуға ат салысып жүрген дарын иесі Хадхан Манайұлының «Өнерім – еліме!» атты әдеби-сазды кеші өтеді.
Х. Манайұлы шетелде тұратын, дәстүрлі әндерді орындаудың ерекшеліктерін сақтап келе жатқан этникалық қазақтардың халық әндерін орындаушы. Әншінің шығармашылығы ұлттық дәстүрді, ұлттық музыка мен ұлттық рухты сақтау тұрғысынан құнды, әрі қызықты. Өз мәдениетін, ұлттық кодын сақтау мәселесі – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында атап көрсеткендей, жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты.

Хадыхан Манайұлы Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында дүниеге келген. Жастайынан өнерге құштар болып, мектеп табалдырығынан бастап қолына домбыра алып, ән салған. Моңғолияның Өнер универсиетін тәмамдап, Баян-Өлгей аймағының музыкалық драма театрында әртіс бола жүріп, талантты орындаушы қазақтың ұлттық өнерінің өшпеуіне және насихатталуына аса зор үлес қосты.
2016 жылы Хадхан тарихи атамекені – Қазақстанға оралды. Оның ерекше дауыс тембрі мен орындаушылық мәнері Қазақстандағы мамандардың да жоғары бағасына ие болды.
Хадхан Манайұлы «Қазақ дауысы», «Мен қазақпын» тәрізді телевизиялық жобаларға қатысып, қазақстандық көрермен алдында кең танымалдыққа ие болды. Бүгінгі таңда дәстүрлі әндерді орындаушының есімін жұртшылық оның Әміре Қашаубаев, Мәди Бапиұлы, Жаяу Мұса, Ақан сері, Біржан сал атындағы республикалық музыкалық конкурстарға қатысуынан жақсы біледі. Хадхан Манайұлын өзге әншілерден ерекшелендіретін – оның Алтай-Тарбағатай дәстүрлі ән мектебінің әндерін нақышына келтіре орындау шеберлігі.
Өнерімен ел құрметіне бөленген Хадхан Манайұлының әдеби-сазды кешіне «Дарын» мемлекеттік қазыналық кәсіпорын директоры Мейіржан Қанатбекұлы Әлібеков, әншінің өмір жолы мен өнер жолын жақсы білетін тілекшісі, танымал ақын Әскерхан Ақтай, музыка жанашыры Уатхан Жүнісов, әнші Нұртай Тілеужан қатысады.
Кеш иесі жиналған жастардың сауалдарына жауап беріп, құлақтың құрышын қандырар қазақтың дәстүрлі әнін әуелетеді.
Ұлттық тәрбиенің өзегі, рухани құндылықтың алғашқы нәрі – өнер. Сол арқылы ұлтының салт-дәстүрін, тілі мен музыкасын, әдебиеті мен өнерін құрметтеп, ұлттық рухты мәңгілік қастерлейтін ұрпақ тәрбиеленбек.
Әдеби-сазды кешке жастар, өнер жанашырлары шақырылады.
Байланысшы: Уалханова Рақия Нұралықызы
Телефон : 87775412145

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26343367
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102