homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВРухани жаңғыру: Әлемі әдемі Әмина
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Рухани жаңғыру: Әлемі әдемі Әмина

8 наурыз - Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, кино және театр актрисасы Әмина Өмірзақованың туған күні. 13 наурыз күні сағат 14.00-де кітапханада Қазақстанның халық әртісі, жерлесіміз Әмина Өмірзақованы еске алуға арналған ретро-фестиваль басталады. Көрнекті кино және театр актрисасының 100 жылдық мерейтойы биылғы жылы ЮНЕСКО көлемінде атап өтілетін күндер күнтізбесіне қосылған.

«Әлемі әдемі Әмина» ретро-фестивалі бірнеше ұрпақтың сүйікті актрисасына айналған сахна саңлағы ойнаған тамаша фильмдердің ғажайып әлеміне саяхат жасатады. Солардың ішіндегі ең танымалдары – «Ана туралы жыр», «Тақиялы періште», «Абай әндері», «Жұлдызыңды сақта»,  «Мама Роза», «Шаңырақ».
Әмина Өмірзақованың театр сахнасы мен кино саласында сомдаған ана образы қазақ әйелінің болмысын, қазақ анасының кіршіксіз бейнесін, ұлттық мінезге тән сана-сезімді, рухани байлық пен жан жылулығын көрерменнің жан дүниесіне жеткізе білді. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан дәл осы халықтың үздік ұлттық ерекшеліктері қоғамдық сананы жаңғыртудың, бәсекеге қабілетті адами капиталдың дамуының маңызды алғышарты болу керек деп көрсетілген.  
Ретро-фестиваль барысында кітапхана қонақтарына әйгілі актрисаның өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұсынылады. Көрменің виртуалды нұсқасымен кітапхана сайтынан танысуға болады. Қатысушылар Ә. Өмірзақова қатысқан фильмдерге арналған конкурстар мен викториналарға қатысып, қызмет көрсету саласы колледжі студенттері дайындаған ретро-шаш үлгісі және костюмдер дефилесін тамашалай алады. Ал ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер колледжі музыканттары өткен ғасырдың 60-70 жылдарындағы әсем әндерді әуелете шырқайды.
Фестиваль бағдарламасынан басты орын алатын негізгі шара – сағат 15.00 басталатын Әмина Өмірзақованы еске алу кеші. Кеш барысында «Шабыт» жастар театрының әртістері «Тақиялы періште» киносынан үзінді көрсетіп, облыстық драма театрының әртісі  Гүлбақыт Бақтыбаева «Ана-Жер Ана» фильмінен монолог оқиды.
Ә. Өмірзақованың шәкірті, Қазақстанның Халық әртісі, жерлесіміз Досхан Жолжақсыновтың осы кешке арнайы жазған зксклюзивті ұстазын еске алу бейнежазбасы қатысушылардың қызығушылығын тудырары сөзсіз.  Ал актриса қызмет еткен Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры жолдаған ҚР Халық әртісі Роза Әшірбекованың театр мұражайындағы Әмина Өмірзақоваға қатысты жәдігерлер  жайында сыр шерткен бірегей бейне жазбасы кітапхана үшін бағалы сый болмақ.
 Қазақ өнерінің көгінде самғап, өз елін бүкіл әлемге айшықтаған Әмина Ерғожақызының жарқын бейнесіне арналған ретро-фестивальға шығармашыл жастар, оқушылар, студенттер, оқытушылар, мәдениет қызметкерлері және өнер сүйер қауым шақырылады.
                                                         Байланыс: Кемешова Меруерт, тел. 261333

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26339858
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102