homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ«Ұлы даланың жеті қыры: Наурыз – бабалар өсиеті»
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Ұлы даланың жеті қыры: Наурыз – бабалар өсиеті»

Наурыз мейрамы аясында 2019 ж. 15 наурыз күні, сағат 14.00-19.00 аралығында кітапханада «Ұлы даланың жеті қыры: Наурыз – бабалар өсиеті» атты мерекелік іс-шара өтеді. Қатысушыларға Әз-Наурызға арналған «Наурыз - көктем елшісі» атты әдебиеттер көрмесі ұсынылады.
Көктемгі жаңару, ақ пейіл мен татулық мерекесінің ашылу салтанатынан кейін, 14.00-16.00 аралығында, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы бойынша «Тарих тамыры» атты студенттердің қатысуымен топтық сайыс өткізіледі. Сайыста студенттер өз оқу орындарының абыройын қорғайды.

Кітапхана қонақтары бұл күні, «Ұлттық мұра» алаңында, он саусағынан өнер тамған шеберлерден - ұршық иіру, ою кесу, кесте тігу, жүн сабау сияқты, ұлттық қолөнер түрлерінен шеберлік-сабақтарын алады. «Ақ мол болсын!» атты аспаздық шеберлік-сабақта – ақ жаулықты әжелер, ұлттық тағамдардың жасалу қыр-сырымен бөлісетін болады.
Ежелде ат үстінде жүрген көшпенділер, тақымына басқан сәйгүлігіне еркін қимыл жасау үшін, ер-тұрман мен үзеңгіні ойлап тапқан. Міне, осы ат әбзелдерінің аталуы мен жасалуы, атқа міну мәдениеті жайлы «Жылқы – малдың патшасы» атты атбегілік өнері бар мамандардан мәліметтер алуға болады.
«Наурыз нақыштары» атты мерекелік жәрмеңкеге келушілер, ұлттық тағам мен киім, қолөнер бұйымдарымен қатар, «Ұлы даланың жеті қырының бірі – алма мен қызғалдақты» - да таба алады.
Білек күші мен ептілігі жоғары қонақтар үшін - қол күресі, тас көтеру, асық ойнау сынды спорттық сайыстар ұйымдастырылса, интеллектуалды ойынқұмарларды «Чемпион» шахмат турнирі, «Тоғыз құмалақ», «Taboo» сияқты үстел үсті ойындары күтеді.. Сондай-ақ, қонақтар «Наурыз-бәйге» викторина алаңында ұлттық салт-дәстүрімізге қатысты сұрақтарға жауап беріп, өздерін сынай алады.
«Мейкерспейс» шеберхана алаңында кітапхана қызметкерлері 3D принтер, фрейзерлік станок пен күйдіру құрылғысында «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында атап көрсетілген жылқы, алтын адамның мүсіні, аң стиліндегі ою-өрнектер, алма мен қызғалдақ т.б. бұйымдарын көрсетіп, шеберлік сабақтарын өткізеді.
Сурет салуды үйреніп, көктемнің сырлы да әдемі мезеттерін қағаз бетіне түсіргісі келетіндер үшін «Арт-квартал» бөлімі, ал жастардың орындауындағы әсем ән мен тәтті күйлерді тыңдағысы келетіндерге «Жастар ауылы» құшақ жая қарсы алады. Сәнқойлар қонақтар, фотограф немесе модель ролін сомдап, ұлттық киімдермен естелік суреттерге түсіп, тамаша мерекелік көңіл-күйге бөлене алуға болады.
Наурыз мейрамын кітапханамен бірге тойлауға келген кішкентай қонақтарды «Тазшаның қырық өтірігі» атты қызықты, әрі тартымды өтірік - өлең құрастыру сайысы күтеді. Осы күні мейрамға жиналған қауым бір-бірін «Наурыз-думан» - еркін микрафоны арқылы ән шашумен құттықтап, ақ тілектерін білдіреді. Мерекеге жиналған қонақтар, дәмі тіл үйірер - наурыз көжеден дәм татады.
Әз-Наурыз – қай кезде де еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып саналады.
Баршаңызды 15 наурыз күні Пушкин кітапханасында күтеміз!

Анықтама тел.: 261333, ішкі.119

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26339858
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102