homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВРухани жаңғыру: Жәнібек Кәрменовті еске алу кеші
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Рухани жаңғыру: Жәнібек Кәрменовті еске алу кеші

28 наурыз күні сағат  кітапханада белгілі дәстүрлі әнші, жазушы, ҚазКСР-нің еңбек сіңірген артисі, ұлттық өнердің дамуына ерен үлес қосқан дарын иесі Жәнібек Кәрменовтың 70 жылдығына арналған «Үнің кетпес құлақтан...» атты әдеби-сазды кеші өтті.

Әдеби-сазды кеш барысында қатысушыларға әншінің сүт кенжесі журналист Шаһ-Керім Жәнібекұлының әкесі туралы сыр шерткен бейнежазбасы мен «Жәнібек Кәрменов», «Жәнібек ән салады» кітаптарының авторы, журналист Дәулет Сейсенұлының естелігінен бейнесюжет ұсынылды.

Сонымен қатар облысымызға белгілі дәстүрлі әншілер Әділ Тұрғанбаев, Қуаныш Оралбекұлы, ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер колледжінің студенті Елдос Мұңғылбек халық есінде бірегей дауысымен мәңгіге сақталған өнер майталманының орындауындағы әндерді орындап, ел есіндегі әнші туралы естеліктерді бір жаңғыртты.

Уалханова Ракия Нұралықызы, библиограф:

Әнші 1949 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан, Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келген. Алғашында Алматы эстрада-цирк өнері студиясының әншілік бөлімін, кейін Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. «Өнер» баспасында редактор, Алматы мемлекеттік консерваториясында «Халық әндері» кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарды. Өнер тақырыбына арналған «Ақылбайдың әні», «Ғашықтың тілі», «Махаббат әні» атты кітаптары жарық көрді. 1984 жылы әншіге Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы берілді. Тағдырлы талант 1992 ж. небары 43 жасында көлік апатынан қаза болды. 1996 жылы Қарауыл ауылындағы музыка мектебіне әншінің есімі берілді.

Байланыс тел.: 26-39-46 (119)

jan 1 karme 1 1 karme 1 4 karme 1 10   karme 1 12 karme 1 11

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26342589
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102