Рухани жаңғыру: «Марқаның өнер тарланы»
- Толығырақ
- Құрылды 30.03.2019 14:16
2019 ж. 3 сәуір сағ. 15.00-де ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «А. С. Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасында Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Күршім ауданының Құрметті азаматы», әнші, ақын Нәбиолда Салихұлы Кемешевтың әдеби-сазды кеші өткізіледі.
Нәбиолда Кемешев – ән, өлең, шежіре мен қатар 40-тан астам әзіл-сықақ қойылымдар жазған. Соған орай, шығармашылығының жанры да сан алуан болып келеді. Автордың «Жүрекпен сырласу» (2006), «Өмірім-өлеңім» (2007), «Ұрпағыма өсиет» (2009), «Ақ тілек, ақ бата» (2010), «Әке рухына тағзым» (2014), «Әке аманаты» (2018), т.б. кітаптары бар.
Өлеңдері, өзекті мақалалары облыстық, республикалық баспасөз беттерінде жиі жарияланды. Н. Кемешевтің «Марқаның сұлу қыздары», «Күршім мен Марқа ағайын», «Сандуғашым, қарлығашым» т.б. әндерін өнер майталмандары орындап жүр. Кездесу барысында автордың әндерін Республикалық «Жігіт сұлтанының» жеңімпазы Ерболат Матабаев, әнші Серік Бабаханов, ағайынды Абдуллиндер атындағы Өнер колледжінің студенті Ерболат Құмарбековтар орындайды. «Тамшы» жастар шығармашылық тобының артістері әзіл-сықақ қойылымын көрсетсе, жас оқырмандар «Ұрпағыма өсиет», «Мен неге жанталасамын», «Домбыра - киелі аспап» өлеңдерін оқиды.
Н. Кемешев туралы республикалық, облыстық мерзімді басылым беттерінде қалам тербеген Қазақстан Жазушылар Одағының Шығыс Қазақстан бөлімінің төрағасы Әлібек Қаңтарбаев, «Дидар» газетінің бас редакторы Уәлихан Тоқпатаев, «Егемен Қазақстан» газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы бұрынғы меншікті тілшісі Оңдасын Елубай құттықтау лебіздерін білдіреді.
Шығармашылық кездесуге жергілікті қаламгерлер, мәдениет қызметкерлері, жерлестері, ақынның шәкірттері мен жырсүйер қауым қатысады.
Байланысшы: Кемешева М.Н., тел. 261333, ішкі 123
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26342792
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы