Рухани жаңғыру: Ақтаңгер ақынмен кездесу
- Толығырақ
- Құрылды 05.04.2019 10:46
Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Зайсан ауданының құрметті азаматы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі аймақтық, республикалық, халықаралық айтыстардың жеңімпазы, жыршы, журналист,жерлесіміз Серік Құсанбаев Петропавл қаласында өткен республикалық айтыста бас жүлдені иеленді.
Осыған орай 4 сәуір күні ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «А. С. Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасында ақынмен кездесу өтті.
Серік Құсанбаев - «Байғыз», «Жырлаумен өткен 20 жыл» кітаптарының авторы. Серік Құсанбаевтың мақалалары республикалық және аймақтық мерзімді басылымдар беттерінде жарияланып жүр.
ШҚО облысы əкімінің орынбасары Нүсіпова Əсем Бекқызы жеңімпаз ақынымызды құттықтап, осындай үлкен жыр додасында жеткен жетістігі үшін алғысын білдірді.
Шекер Сақыбаева, библиограф - маман:
- Жерлес ақынымыз 30 жылдан аса уақыт айтыс алаңындағы өнер жекпе-жегінде. Бүгінгі таңда Серік Сәдуақасұлы көп мәрте ақындар айтысының жеңімпазы және еліміздегі суырып салма ақындықтың асқан шебері. Біз жерлесіміздің жетістігін мақтан тұтамыз.
Серік Сәдуақасұлын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз және жаңа шығармашылық табыстар мен жетістіктер тілейміз!
Гүлнұр Зұлқаршын, жас ақындар мектебінің жетекшісі:
Бүгін біз Серік ағаның жеңісінің қуанышымен бөлістік, ол кісіге сауалдар қою арқылы атақты жерлесімізді, жаңа қырынан танып білдік. Мұндай кездесулер шабыттандырады және талантпен тікелей байланысуға мүмкіндік береді .
Байланысшы: Жансая Ашкенова ,тел.261 333,ішкі.119
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26058534
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы