Рухани жаңғыру: «Марқаның өнер тарланы»
- Толығырақ
- Құрылды 04.04.2019 09:50
Нәбиолда Салихұлы Кемешевпен кездесу өте әсерлі өтті. Басқосу қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй және шығармашылық шабыт сыйлады.
3 сәуір күні ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «А. С. Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасында өткен Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Күршім ауданының Құрметті азаматы», әнші, ақын Нәбиолда Салихұлы Кемешевтың әдеби-сазды кешіне жергілікті қаламгерлер, мәдениет қызметкерлері, жерлестері, ақынның шәкірттері келді.
Кеш жүргізушісі өлкетанушы-библиограф Слямова Зиза қонақтарды Нәбиолда Кемешевтің шығармашылығымен таныстырды: : Н.Кемешев – ән, өлең, шежіре мен қатар 40-тан астам әзіл-сықақ қойылымдар жазған. Өлеңдері, өзекті мақалалары облыстық, республикалық баспасөз беттерінде жиі жарияланып келеді.
Кездесу барысында автордың әндерін Республикалық «Жігіт сұлтанының» жеңімпазы Ерболат Матабаев, әнші Серік Бабаханов, ағайынды Абдуллиндер атындағы Өнер колледжінің студенті Ерболат Құмарбековтар орындайды. «Шамшырақ» жастар шығармашылық тобының артістері әзіл-сықақ қойылымын көрсетсе, жас оқырмандар «Ұрпағыма өсиет», «Мен неге жанталасамын», «Домбыра - киелі аспап» өлеңдерін оқыды.
Кітапхана директорының орынбасары Шагиева Бибигуль Жамбыловна мерейтой иесін құттықтап, мәдениет саласындағы ерен еңбегі үшін алғысын білдірді.
Ерболат Құмарбеков, ағайынды Абдуллиндер атындағы Өнер колледжінің студенті:
Мұндай кездесулер туған жердің рухын сезінуге, шығармашылық қуат алуға, сондай,ақ, талантты адаммен тікелей байланысуға мүмкіндік береді.
Байланысшы: Жансая Ашкенова
Тел.: 261 333,119)
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26343639
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы