homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВКітапханадағы ғылым мен ғарыш күні
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Кітапханадағы ғылым мен ғарыш күні

12 сәуірде Пушкин Орбиталық станциясына арманшылдар мен өнертапқыштарды, барлық жаңалыққа жаны құмар жандарды шақырамыз. Бұл күні кітапхананың әр түрлі тақырыптық алаңдарында сан түрлі, танымдық қызықты әрі пайдалы ақпаратпен таныс боласыз.

Мерекелік бағдарлама танымал қазақстандық зерттеушілер мен көрнекті ғалымдарға арналған (1 қабат, фойе) сұрақтар мен жауаптар көрмесінен бастау алады. Экспозиция келушілерді ғалым-энциклопедист Әл-Фараби, «Мыңжылдық адамы» - Шоқан Уәлиханов, «Ғасыр адамы» - Қаныш Сәтбаев, араб алгебрасы мен геометриясы жүйесіне негізделген алғашқы математика оқулығын құрастырушы Міржақып Дулатов, «қазақстандық Циолковский» Гаврил Тиховтардың шығармашылық өмірбаянынан қызықты мәліметтермен таныстырады,
Жер планетасын күнді айнала шексіз ұшып жүретін космос кораблі деп қарастыра аламыз. Зоолог, қар барысы туралы кітаптың авторы, «Snow Leopard Fund» қоғамдық қорының жетекшісі, зерттеуші Логинов Олег Витальевичтің әңгімесі планетамыздың тау экожүйесінің бірегей және таңғажайып фаунасына арналады. Зерттеуші сонымен қатар, Білім орталығында фототұзақтарымен түсірілген сирек фотосуреттер жиынтығын ұсынып, және осы камераның жұмыс принципі туралы айтып береді.
Ғылым күні Балалар секторы кішкентай оқырмандарға арнап, қызықты, әрі танымдық фокустарын дайындады. Кішкентай қонақтар фокустарды үйреніп, өздері жасайтын болады.
Мысалы, жас сиқыршылар қағаз қызғалдақтарды суда гүлденуге, күріш дәндерін стақанда «жандандырып», әртүрлі пішін мен өлшемдерде сабын көпіршіктерін жасауды үйренеді.
Креативті MakerSpace шығармашылық алаңы оқушыларды күтпеген физикалық және химиялық эксперименттер зертханасында күтеді. Мұнда оқушылар инженерлiк конструкторлармен жұмыс iстеп, күрделi өнертабыстық есептерді шешуде өз күштерін сынғап салады.
Сондай-ақ техникалық шығармашылыққа арналған құралдар мен жабдықтарды меңгереді.
Ғылым күні сағат 15.00-де Қазақ КСР-ның алғашқы академигі, ғалым-геолог Қаныш Сәтпаевтың 120-жылдығына арналған «Қаныш Сәтбаев: Дара жол»: атты ғұмырнамалық кешпен жалғасады. Мерекелік іс-шараға «Қазцинк» ЖШС және «TOПAЗ» геологиялық барлау компаниясы мамандары қатысып, келушілерге геологиялық барлауға арналған материалдарын ұсынады. Ал «Жас техниктер станциясы» кеш қонақтарына өздерінің бірегей минералдар мен кендер жинағын көрсетеді.
Сондай-ақ бағдарламада:
- «Жас техниктер станциясы» оқушыларының автомобильдер шоуы;
- «Scratch» бағдарламасында жедел бағдарламалау курстары;
- 3D-модельдеу және роботтарды жобалау тренингтері;
- Photoshopты жылдам үйрену.
Келіңіздер! көңілді, қызықты әрі танымды күн болады!

Бағдарламаға қатысу үшін тапсырыстар
мына телефондар арқылы қабылданады: 261-333 (ішкі 115)
Байланысшы : Максимова Марина, моб.: 87053180950

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26342589
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102