homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВOskemen-kitap review -2019
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Oskemen-kitap review -2019

23 cәуір –  Бүкілодақтық кітап және авторлық құқық күні сағ. 11.00-де А.С. Пушкин атындағы кітапханада Oskemen-kitap review -2019 көрме-жәрмеңкесі ашылады. Мұнда  баспа, кітапсаудасы, ғылым-білім беру ұйымдары бір алаңға жиналып, оқырмандарды сан-алуан кітап өнімдерімен таныстырады. Мерекенің ерекшелігі – жергілікті баспаларда жарық көрген жергілікті жазушылар мен ғалымдардың Шығыс Қазақстан туралы қалам тербеген жаңа шығармаларын оқырман қауымға таныстыру. 

“Шығыс Ақпарат”, “Рекламный дайджест”, “Медиа Альянс”, “Шығыс Полиграф”, “Восток-Печать”, “Либриус”, сонымен бірге, ҚАЕУ, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ,  С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы соңғы жылдары жарық көрген  жаңа басылымдарды ұсынады.
Мысалы, "Артекс" баспа-полиграфия фирмасы қатысушыларды «Путеводитель по ВКО» атты жаңа басылыммен қуантады. Шығыс Қазақстанның таңғажайып орындары, киелі жерлері бойынша сипаттамалар, көз  тартарлық фотосуреттер мен полиграфиялық безендіру баршаның көңілінен шығады деп ойлаймыз.   
Ал "VitaМир", "Бестселлер", "Marwin" кітап саудасы компаниялары тәрізді кітапхананың серіктестері келушілерді балалар, көркем және ғылыми-танымдық әдебиеттердің мол таңдауымен таңдандырады.
Ал Пушкин кітапханасы келушілерге 2018-2019 жж. кітапхана қорына келіп түскен жаңа басылымдардың  көлемді көрмесін ұсынады. Көрмеден негізгі орын алатын басылымдар – белгілі ғалым-археологтар З.Самашевтің "Берель в истории кочевников Алтая" және  А.Т. Төлеубаевтың «Раннесакская Шиликтинская культура» еңбектері.
Кітап мерекесіне Борис Щербаков, Әлібек Қаңтарбаев, Бахытжан Раисова, Айтмұхамбет Қасымов, Советхан Қалигожин, Наталья Матвеева, Лариса Мартынова, Геннадий Пуссеп, Анатолий Лаптев, Андрей Кратенко тәрізді жерлес жазушылар шақырылып отыр.
Бағдарламаның жеке секциясы жас авторлар мен студенттерге арналады. Олар үшін шығармашылық сайыстар, 3D_арт-дизайнерлер байқауы, кітап безендірушілерге арнайы іс-шаралар ұйымдастырылады. Мерекеге мектеп оқушылары мен кішкентай балалар да қатысады. Олар үшін ұйымдастырушылар шығармашылық шеберлік-сағаттары, танымдық ойындар өтетін жеке балалар алаңын әзірлеуде. Ал ата-аналар кітап клубтары мен әдеби шеберханалар көрмелері, балалар орталықтары, театр үйірмелерімен танысады.
Мерекеге мәдениет қызметкерлері, мұғалімдер, студенттер, мектеп оқушылары мен кітапқұмар барша қауым шақырылады. Қатысам деушілерден ұжымдық тапсырыстар қабылданады.
                                                                     Байланысшы:  Омарова Асель, тел. 261333

                                                                            

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26335383
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102