«Ұлтын ұлықтаған Ұлықбек»
- Толығырақ
- Құрылды 17.04.2019 18:34
Туған жерін тұғыртас қылып, туған елін басына көтеріп, соның айбоз бақытты шағын көркем жырымен мөлдірете жеткізіп, ел жүрегіне жол тапқан Ұлықбек ақын 65 жасқа толып отыр. 2019 ж. 25 сәуір сағ. 15.00-де А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Қазақстан жазушылар Одағының төрағасы, "Құрмет" орденінің иегері, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», ақын, журналист Ұлықбек Есдәулеттің шығғармашылығына арналған әдеби-сазды кеш өткізіледі.
Ұлықбек Оразбайұлы 1954 жылы 29 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Үлкен Қаратал ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1971 жылы облыстық «Коммунизм туы» («Дидар») газетiнде корректорлықтан бастаған Ұлықбек ақын бүгінде республикалық «Жұлдыз» журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы.
Ұлықбектің елдік, ұлттық, адамгершілік мүдделерге қызмет ететін парасаттылығын көрсететін өлеңдері бір төбе. Семей полигонының қасіретіне арналған «Заман-ай» өлеңi халықаралық антиядролық қозғалыстың гимнiне айналған. Қоғамның ащы шындығын көрсететін «Қара пима» поэмасы заманымыздың айықпас ауруын сөз етіп, көпшілікке ой тастайтын, тура жолдан адастырмас имандылық айнасы деуге болады.
Өскелең ұрпақтың ұлттық мiнезден алыстап бара жатқандығы – ақын қаламынан тыс қалған емес. Бүгінгі ұрпақтың ұлтжандылық қасиетiнің әлсiреуiне ерекше көңіл бөлуі ақынның ұлт болашағына деген алаңдаушылығын байқатады.
Кездесу барысында автордың «Заман-ай», «Қара пима» әндері орындалып, жас оқырмандар автордың «Жылқы мінез», «Кентавр Хирон» т.б. өлеңдерін оқиды. Бейнежолдау арқылы оқырмандар сүйікті ақындарын тыңдай алады.
Ұ. Есдаулетің әпкесі, белгілі сазгер Бағдат Есдаулетова ақынның балалық шағынан сыр шертсе, замандас-қаламгерлері- Қазақстан Жазушылар одағы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Ә. Қаңтарбаев, «Дидар» газетінің бас редакторы Уәлихан Тоқпатаев, ақын Бақытжан Мұхтарханқызы жылы лебіздерін арнайды.
Әдеби-сазды кешке жергілікті қаламгерлер, мәдениет қызметкерлері, жас оқырмандар мен өлеңсүйер қауым қатысады.
Байланысшы: Кемешева М.Н., тел. 261333, ішкі 123
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26332186
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы