Татулық күні кітапхана қабырғасында
- Толығырақ
- Құрылды 01.05.2019 10:49
Қазақстан мемлекеті көп ұлтты. Біздің елімізде 150-дан астам ұлттар тұрады. Біз олармен татумыз, доспыз және бір-бірімізбен аралас өмір сүрудеміз. Осы татулығымызды әр жылдың 1-ші мамыры күні атап өтеміз. Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, адамзаттық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.
Бүгін осы мерекеге орай Өскемен қаласында тұратын әр ұлт өкілдері кітапханамызда балалармен кездесіп, Қазақстанға қалай келген тарихтарынан сыр шертіп, қазақ халқына деген алғыстарын ән, бимен білдірді. Әр этнос өз мәдениеті мен салт-дәстүрлерін айтып, балалармен бірігіп сол халықтың ұлттық ойындарын ойнады. Мысалы: «Вайнах» чешен би ансамблі, неміс «Возрождение» мәдени орталығы, корей «Инза-Норма» ән-би ансамблі, татар ұлтының өкілі Айгүл Саиндолдақызы мен ҚР-ның мәдениет қайраткері, Тарбағатай ауданының құрметті азаматы, әнші Есмұрат Қыдырмолдинов ағаларымыз өз өнерлерін көрсетті. Кездесу жоғары көңіл-күйде өтті.
Қазақстан жеріндегі барлық ұлттардың достығы мен бірлігі жалғасын таба берсін. Елімізде бейбітшілік заман болсын. Барлықтарыңызды келе жатқан мерекелеріңізбен!
Құдайбергенова Нұргүл, тел.261333, ішкі 121
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26343947
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы