homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВГүлнұр Зұлқаршынқызының «Күздей күрең тағдырым» жыр жинағы оқырманға жол тартты
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Гүлнұр Зұлқаршынқызының «Күздей күрең тағдырым» жыр жинағы оқырманға жол тартты

«Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдарламасы, «Әдеби hab» жобасы мен жастар жылына арналған іс-шаралар аясында 3 мамыр күні кітапханада ақын Гүлнұр Зұлқаршынқызының «Күздей күрең тағдырым» атты жыр жинағының тұсаукесері өтті. Жыр кешіне өлкеміздің танымал ақын - жазушылары мен зиялы қауым өкілдері, жастар қатысты.

Гүлнұр Зұлқаршынқызы 1979 жылы ҚХР Алтай аймағында дүниеге келген. 10 жасынан бастап Қытайдағы меншікті газет-журналдарда өлеңдері жариялана бастаған дарынды ақын өсе келе сол елдің республикалық, облыстық, аймақтық, аудандық ақындар айтысының, жыр-мүшайраларының жүлдегері атанады. 2008-жылы тарихи отанына оралады. Бүгінде Гүлнұр бірнеше облыстық жыр мүшәйраларының, ақындар айтысының жүлдегері А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың қызметкері.
Кеште ақын, журналист Гүлнұр Зұлқаршын қонақтармен еркін сұхбат жасап, шығармашылық жолындағы естеліктерімен бөлісіп, өлеңдерін оқып, көрерменнің көңілін толқытты.
Іс-шара әнмен әрленіп, ақынның өлеңдерімен өрнектелді. Дәмеш Омарбаева, Бақытжан Раисова, Түсіпхан Түсіпбекова, Серік Құсанбаев сынды қонақтар сөз алып, ізгі тілектерін білдірсе, жоғары оқу орындарының студенттерінен құралған «Тамшы» шығармашылық жастар ұйымы өз тілектерін білдіріп, алғыс хаттар табыс етті. «Тастүлек» жас жеткіншектерден жасақталған ақындар ұстазына деген жүрек жарды тілектерін жырмен шашу шашты. Жастар ақын шығармашылығынан алынған туындыларды мәнерлеп оқып, өлеңдерінен сахналық қойылым қойды. Ақынның шәкірттерімен бірге суырып салма айтыстың бір түрі қыз-жігіт айтысынан үзінді көрсетті. Кеш  көңілді өтіп, көрермен ерекше көңіл-күймен тарқады. 

Culeke gulnur 1 2 gulnur 1 3 gulnur 1 4 gulnur 1 6 gulnur 1 7

 

gulnur 1 8

 

gulnur 1 9

 

gulnur 1 10

 

gulnur 1 11

 

gulnur 1 15

 

gulnur 1 24

 

                                                              Байланысшы: Ашкенова Жансая, тел. 608980

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26343151
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102