Гүлнұр Зұлқаршынқызының «Күздей күрең тағдырым» жыр жинағы оқырманға жол тартты
- Толығырақ
- Құрылды 04.05.2019 08:53
«Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдарламасы, «Әдеби hab» жобасы мен жастар жылына арналған іс-шаралар аясында 3 мамыр күні кітапханада ақын Гүлнұр Зұлқаршынқызының «Күздей күрең тағдырым» атты жыр жинағының тұсаукесері өтті. Жыр кешіне өлкеміздің танымал ақын - жазушылары мен зиялы қауым өкілдері, жастар қатысты.
Гүлнұр Зұлқаршынқызы 1979 жылы ҚХР Алтай аймағында дүниеге келген. 10 жасынан бастап Қытайдағы меншікті газет-журналдарда өлеңдері жариялана бастаған дарынды ақын өсе келе сол елдің республикалық, облыстық, аймақтық, аудандық ақындар айтысының, жыр-мүшайраларының жүлдегері атанады. 2008-жылы тарихи отанына оралады. Бүгінде Гүлнұр бірнеше облыстық жыр мүшәйраларының, ақындар айтысының жүлдегері А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың қызметкері.
Кеште ақын, журналист Гүлнұр Зұлқаршын қонақтармен еркін сұхбат жасап, шығармашылық жолындағы естеліктерімен бөлісіп, өлеңдерін оқып, көрерменнің көңілін толқытты.
Іс-шара әнмен әрленіп, ақынның өлеңдерімен өрнектелді. Дәмеш Омарбаева, Бақытжан Раисова, Түсіпхан Түсіпбекова, Серік Құсанбаев сынды қонақтар сөз алып, ізгі тілектерін білдірсе, жоғары оқу орындарының студенттерінен құралған «Тамшы» шығармашылық жастар ұйымы өз тілектерін білдіріп, алғыс хаттар табыс етті. «Тастүлек» жас жеткіншектерден жасақталған ақындар ұстазына деген жүрек жарды тілектерін жырмен шашу шашты. Жастар ақын шығармашылығынан алынған туындыларды мәнерлеп оқып, өлеңдерінен сахналық қойылым қойды. Ақынның шәкірттерімен бірге суырып салма айтыстың бір түрі қыз-жігіт айтысынан үзінді көрсетті. Кеш көңілді өтіп, көрермен ерекше көңіл-күймен тарқады.
|
|
|
|
|
|
|
Байланысшы: Ашкенова Жансая, тел. 608980
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26343806
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы