«Ұлы Жеңіске арналған Диктант»
- Толығырақ
- Құрылды 07.05.2019 22:45
7 мамыр күні кітапхана «Диктант Победы» онлайн акциясына қатысты. Шараның ресми бөлімінде «Диктант Победы» Халықаралық акциясының ұйымдастырушылары бұл шараны келесі жылғы Жеңістің 75 жылдығына арналатын осындай акцияға дайындық деп атап өтті. Сөз алған Ресейдің Халық артисі Михаил Ножкиннің, «патриоттық – өткен және келер ұрпақ алдындағы саналы жауапкершілік, өмірдің мәні» деген сөздері ерекше есте қалды.
Диктант жұртшылықты Ұлы Отан соғысы тарихын зерттеуге тарту, тарихи сауаттылық пен жастардың патриоттық тәрбиесін көтеру мақсатында өткізіледі. Бұл шара қатысушыларға Ұлы Отан соғысы жайлы біліміне тәуелсіз баға алу мүмкіндігін береді. Тапсырма орындау барысында барынша жоғары тарихи сауаттылығын көрсеткен қатысушылар Дипломмен марапатталады.
«Диктант Победы» Халықаралық акциясы – Ұлы Отан соғысына, оның тарихына, шайқастарға, ҰОС Батырларына арналған 20 сұрақтан тұратын, 45 минутқа созылатын тест. Сауалдар соғыс тақырыбын әдебиет, кино, өнер арқылы қозғайды. Мысалы: қай әдеби шығармада 1942 жылдың желтоқсан айындағы оқиға баяндалады? Онда гитлер басшылығы Сталинград түбіндегі қоршауда қалған неміс күштерін бостауға жіберген генерал-фельдмаршал Э. фон Манштейннің танк күштері табанды қарсылыққа тап болып, кеңес әскерлері жаудың қолын ерлікпен тойтарған болатын. Келесі бір сұрақ: Тылдағы қай қала 1941 ж. қазанда Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің шешімімен КСРО-ның запастағы астанасы деп жарияланды: Новосибирск, Свердловск, Горький, Куйбышев? және т.б.
Тестті орындап болған соң бірден нәтижесін біліп, сәтті болған жағдайда е майлге Диплом жіберіледі. Айта кетерлігі, тесттің қорытындысына көңілі толмағандар қайталап тапсыра алады. А. С. Пушкин атындағы кітапхана үшін «Диктант Победы» Халықаралық тестіне қатысу бірден жақсы нәтижемен аяқталып, Дипломға ие болды.
«Диктант Победы» тәрізді іс-шараларға қатысу Ұлы Отан соғысы жайлы тарихи естеліктерді жадымызда жаңғырту және соғыста қаза тапқандарға, көзі тірі соғыс және тыл ардагерлеріне бүгінгі ұрпақтын құрметі. Ардагерлерімізді қашанда мақтан тұтамыз және есте сақтаймыз! Ұлы Жеңіс күнімен!
Анықтама тел.: 261-333 (ішкі. 119), Рахимбаева Б.С.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26342589
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы