Рухани жаңғыру: "Нұрлы болашақ" республикалық акциясының ашылуы
- Толығырақ
- Құрылды 15.05.2019 16:28
Бүгін 15 мамыр күні кітапханада республикалық «Нұрлы болашақ» акциясының ашылуы болып өтті. Акция Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің бастамасымен 15 мамыр- 15 маусым аралығында ай көлемінде өтеді. Мақсаты - балалардың құқықтарын қорғау мәселесіне қоғамның тұрақты назарын аударту және де балалар мен жасөспірімдердің мүдделері үшін мемлекеттік саясатты қалыптастыру.
Ашылу салтанатында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ жанындағы Жас Отан жастар қанатының жетекшісі Мұса Сағдат мырза балаларды айтулы мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Мерекеде №45 орта мектептің оқушысы Ақбота Бақытжанова «Мен бақытты баламын» әнін орындаса, «Непоседы» би тобы өздерінің тамаша билерін тарту етті. Ал, «Гримастики» театр студиясынан келген бала актерлар шағын күлдіргі қойылымдарымен балаларға күлкіге сыйлады.
Мерекенің салтанатты ашылуынан соң, кітапханамыздың тұрақты еріктілері (волонтер), бірнеше кітаптың авторы Мария Ван балалармен квест ойынын өткізсе, Мария Исмайылова бастауыш сынып балаларымен Мен, жазушымын» «Қиялдаймын, жазамын, саламын» атты оқу өткізді. Басқа бір топ балалары интерактивті үстелде танымдық ойындар ойнап, планетарийды тамашалады. Сонымен қатар балаларға «Бақытты балалық» сурет көрмесі, «Кітаппен өткен жаз қызық» кітап көрмесі ұсынылды.
Ай көлемінде «Нұрлы болашақ» қазақстандық акциясы аясында кітапханада әр түрлі танымдық ойын-сауық бағдарламалары өтетін болады: «Всё что знаем, угадаем», “Жұмбақтар сыр шертеді/Час загадок и отгадок ”, “Ғажайып ғарыш/Покоряем космос” - планетариидағы танымдық сабақтар. Интерактивті үстелде «Сам себе учитель» оқыту сабағы, «Жаттығамыз, секіреміз, жүгіріп» эстафетасы және т. б.
Әрине, көптеген қызықты балалар кітаптары болады. Кітапсыз жазды қалай өткіземіз! «Балалар классикасының алтын кітапханасы», түрлі тілдердегі халық ертегілерінің керемет басылымдары, балалар арналған энциклопедияларын, барлық балалар жақсы көретін «Айгөлек», «GEOленок», «Балалар әлемі», «Балдырған», «Девчонки и мальчишки»… журналдары ...
Кітапханаға алғаш рет келген кез-келген қонағымызды біздің қызметтеріміздің тұрақты пайдаланушысы болуға және сүйікті кітаптарыңызды 10 күндік мерзімге үйге алып оқуға шақырамыз.
Сондай-ақ, біз мектеп оқушыларының жазғы демалыс кезінде кітапханада бос уақыттарын пайдалы өткізіп, үздік оқырмандарға арналған жыл сайынғы «Кітап оқу көшбасшысы» конкурсына, қатыса алатынын еске салғымыз келеді.
Байланысшы: Құдайбергенова Н. тел.261 333,(119)
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26333971
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы