Қазақтан шыққан тұңғыш инженер – Мұхамеджан Тынышбаев
- Толығырақ
- Құрылды 24.05.2019 10:20
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 23 мамыр күні кітапханада қазақтың көрнекті саяси жəне қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі, Алашорда үкіметінің мүшесі, тарихшы- ғалым,этнограф, қазақтан шыққан тұңғыш темір жол қатынастарының инженерінің ығармашылығына арналған «Қазақтан шыққан тұңғыш инженер – Мұхамеджан Тынышбаев» атты ғұмырнамалық кеш өтті.
Басқосуда «Үлкен террор» құрбаны болған әмбебап ғалым, халқымыздың біртуар перзентінің талайлы тағдыры туралы тамаша естеліктер айтылып, алаш арысының артында қалған мұрасы кеңінен насихатталды. Қонақтар Мұхаметжан Тынышбаев мұрасын насихаттауда ұрпақтарының сіңірген еңбегі туралы бейнефильмдер тамашалады.
«Алаш арысы Мұхаметжан Тынышбаев» атты көрмеде қоғам қайраткерінің өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер ұсынылды.
Исабаев Төлеген, ШҚ аймақтық теміржолшылар ардагерлер кеңесінің төрағасы:
Мен Мұхамеджан Тынышбаевтың жерлесімін. Шеше жағынан рулас болып келеміз. 27 жастағы қазақ жігіті думаға өткен кезде, ол кісіге деген құрметім арта түскен еді. 1956 жылдары мектепте оқып жүрген кезде осы М. Тынышбаев, І. Жансүгіровтерді халық жаулары деген хабарларды естіп таң қалатынмын. Өзім оқу бітіргеннен кейін, әр түрлі жұмыстарда істедім. Өскеменге келгенде көзіме бірден түскені, барлығы орыс тілінде, көшенің аттары бәрі орысша, кішкене болсада жанды қинаған жағдай болды. Осы жаңғыруға байланысты Защитадағы екі көшенің атын өзгертуге инициатор болдым. Бірі Лениногорск көшесі -Теміржолшылар , екіншісі – Октябрьский – М. Тынышбаев атындағы көше болып өзгертілді. Алғашқы қазақ инженері, теміржолшы осы салаға еңбегі сінген адам. Ол кісіге бермегенде кімге береміз.
Байланысшы: Жансая Ашкенова
Байланыс тел.: 26-39-46
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26340749
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы