homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВҚазақстан жазушылары және әдеби өлкетану
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Қазақстан жазушылары және әдеби өлкетану

2019 жылдың 29 мамыр күні сағат 11.00-де А. С. Пушкин атындағы кітапханада жерлестеріміз, Қазақстан Жазушылар Одағының өкілдері: Алаш сыйлығының лауреаты, Заманбек Әбдешев, Қазақстан Жазушылар Одағының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы директоры, жазушы Әлібек Қаңтарбаев және талантты жас ақын Даули Арбибекпен кездесу өтеді. Жазушылардың шығармашылық тобы Қазақстан Жазушылар Одағының 2018 жылдың қазан айынан бастап іске асырып келе жатқан «Әдеби өлкетануды дамыту» жобасының мақсаты жайлы әңгімелейді. Жоба аясында «Алтайым – ақ бесігім» атауымен әдеби шығармалар, зерттеулер, сценарийлер жазу жоспарлануда.

«Әдеби өлкетануды дамыту» жобасының мақсаты: 29 мамыр – 2 маусым аралығында Шығыс Қазақстанның даму тарихына арналған құнды құжаттарын зерттеу, аймақ жайындағы белгісіз фактілерді ашу, жаңа шығарма арқауына айналатын аңыз, оқиғалар мен кейіпкерлер табу. Осы мақсатпен келген жазушылар тобы Өскемен қаласындағы мұражайлар, кітапханалар, мұрағаттар мен кәсіпорындарды аралайды. Біз Шығыс Қазақстан жерін тайға таңба басқандай жақсы білетін жазушы-жерлестеріміз Заманбек Әбдешев, Әлібек Қаңтарбаев пен Даули Арбибекке жобаны сәтті іске асырып, тамаша туындыларды өмірге әкелулеріне тілектеспіз.

Заманбек Әбдешев – аудармашы, журналист, Зайсан ауданының Бақасу ауылында дүниеге келген. Өткен ғасырдың 70-ші жылдарында Заманбек Әбдешев Шығыс Қазақстан облыстық телерадиокомитетінде, республикалық «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде, «Жазушы», «Ақиқат» журналдарында, «Хабар» агенттігінде жауапты қызметтер атқарған. Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының көптеген көркем және деректі фильмдерінің аудармашысы және редакторы болған. Борис Васильевтің «Тамылжыған таң» повестер мен әңгімелер жинағын, болгар қаламгері Георгий Караславовтың «Шешуші сағат» атты көлемді романын, «Неру» өмірбаяндық кітабын, «Қырғыз халық ертегілері» жинағын, балқар ақыны Танзила Зұмақұлованың «Салтанат» атты жыр жинақтарын қазақ тіліне аударды.
Әлібек Қаңтарбаев – Катон-Қарағай ауданы және Өскемен қаласының Құрметті азаматы, Шығыс Қазақстан облысы әкімі сыйлығының лауреаты, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ құрметті профессоры, «Ағажай, Алтайдай жер қайда», «Қыран ғұмыр», «Сол бір кез есімде», «Армандастар», «Алаш азаматы» кітаптарының авторы. Мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі мен ерен еңбегі үшін «Тіл жанашыры - 2009» төбелгісімен марапатталған.

Жас ақын Даули Арбибектің (Әріби) өлеңдері қазақстандық әдеби порталда кеңінен таралып, өз оқырмандарына ие болуда.

Жаңа әдеби шығармаларды дүниеге әкелуді жоспарлап отырған «Әдеби өлкетануды дамыту» жобасы қатысушыларымен кездесуге А.С. Пушкин атындағы кітапханаға қала жұртшылығы, мәдениет және білім беру саласы қызметкерлері мен барлық қатысуға тілек білдірушілер шақырылады.

                                                                                                   Байланысшы: Рахимбаева Бахтылы, тел. 608980

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26341119
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102