Бақытты балалық мерекесі
- Толығырақ
- Құрылды 04.06.2019 09:16
Халықаралық балаларды қорғау күні ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының» жүзден аса кішкентай оқырманы көңілді мерекелік бағдарламаға қатысып, ерекше көңіл-күйге бөленді.
Кітапханада таңертеңнен әуезді ән ойнап, балалар кітаптарының көрмесі, қолөнер бұйымдары мен суреттерінің экспозициясы ұсынылды. Балалар оқуы Орталығы қызметкерлері кішкентай қонақтарды мектеп бағдарламасы бойынша жазғы демалыста оқуға берілген кітаптармен таныстырып, «Балалар классикасының алтын кітапханасы», түрлі тілдердегі халық ертегілерінің керемет басылымдары, балаларға арналған энциклопедиялар, «Айгөлек», «GEOленок», «Балалар әлемі», «Балдырған», «Девчонки и мальчишки» тәрізді жас оқырмандар сүйіп оқитын журналдарға шолу жасады.
Сиқыршы Мадияр Көксегенов пен балалар аниматорларының мерекелік қойылымы балаларға шат-шадыман күлкі мен қуаныш сыйлады. Ұшатын үстел, түрлі-түсті шарфқа айналған таяқша, конфетти от-шашуға айналған қолғап т.б. фокустарға балалар белсене қатысты, автокөлік жүргізушілері мен жолаушылар болып, өздерін тентек тышқан сезініп, қу мысық роліндегі ата-аналарынан жасырынды. Ал қап киіп жарысқан командалық жарыста достық жеңді. Арқан тарту сайысына балалармен бірге ата-аналары да білек сыбана кірісті.
Кітапхана еріктілері балаларға мерекелік концерттік бағдарлама сыйлады. «Балалар арбатының» тақырыптық алаңдарында кішкентай қонақтар көңілді ән орындап, жұмбақ шешіп, қызықты ойындарға қатысып, кітапхана мейкерлері жасаған Пушкин шығармасындағы үлкен емен ағашының түбінде өлең оқыды. «Қағаз айшықтары», «Үстел үсті ойындары», «Шахмат және дойбы», «Сурет салу», «Көркемсөз оқу сайысы», «Караоке» және «Спорттық ойындар» алаңдарында әр бала өзіне ұнаған ісімен айналысты. Балалар алақандарымен түрлі-түсті әдемі күн суретін салып, кітапханаға сыйға тартты. Еркін микрофонда барлық тілек білдірушілер ән айтып, өлең оқып, ізгі тілектерін білдіріп жатты. Кітапхан психологы балалардың логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттеріне байланысты ойын тесттерін өткізіп, ата-аналарға кеңес берді.
Кітапхананың мобильді планетариінде балалар жұлдыз әлеміне саяхат жасап, түрлі планеталар, күн жүйесімен, жұлдыздардың пайда болуымен танысып, динозаврлардың өмірі жайлы қызықты фильмдер тамашалады.
Ойын бағдарламасына белсенді қатысқан балақайлар кітапханадан естелік сыйлықтар алса, мерекеге келген барлық балаларға «Энергетический комплекс Т» (директоры – Картамышев Ю.А.) ЖШС-нен тәтті балмұздақтар таратылды.
Байланысшы: Жансая Ашкенова, тел.: 261 333, (119)
| |
|
|||||
| |
|
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26340749
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы