Кітапханадағы домбыра және астана Күні
- Толығырақ
- Құрылды 06.07.2019 17:24
Кітапханада Астана күні мен Домбыра күніне арналған мерекелік бағдарлама 6 шілде күні «Домбыра және Нұр-Сұлтан: Ұлы даланың жаны, рухы, тарихы....» деген атпен өтті. Мерекеге кітапхана оқырмандары, жерлестеріміз жиналды. Қонақтар өскемендік жас күйші Арлан Сүлейменовтің орындауында қазақ халқының күйлерін тыңдап, киелі аспаптың шығу тарихы туралы ақпараттармен таныс болды.
Домбыраның құлағында ойнайтын, ойнап қана қоймай үйренемін деп тілек білдірген кез-келген жанды үйретуге әрқашан дайын талантты домбырашы Арлан Сүлейменовпен кездесу қонақтарымыз үшін ерекше әсер қалдырды. Кәсіби музыкант, Алматы қаласындағы Чайковский атындағы өнер колледжінің түлегі Арлан – он екі сабақта домбырада ойнауды үйретеді.
Мерекеде Астанаға ән арналып, еркін микрофонда қонақтарымыз музыкалық, поэтикалық құттықтауларын жолдады. Іс-шара барысында қонақтарымыз викторинаға қатысып, кітапхананың MakerSpace шығармашылық алаңында домбыра кәдесыйларға ие болды.
Еліміздің астанасы Нұр-Сұлтанның даму тарихы, сондай-ақ домбыра, ұлы орындаушылар, музыканттар, Құрманғазы, Дина сияқты композиторлар туралы ақпараттар әдебиеттер көрмесінен орын алды. Мерекеге жиналған көрермендер жақсы әсермен көтеріңкі көңіл күйде тарқады.
Байланысшы: Жансая Ашкенова
Тел.: 26-39-46
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26058534
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы