homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВҰлық ақын Ұлықбек Есдәулеттің айтулы мерейтойы
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Ұлық ақын Ұлықбек Есдәулеттің айтулы мерейтойы

2019 жылғы 23 шілде күні Өскемен қаласында белгілі ақын, аудармашы, қоғам қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы және жерлесіміз Ұлықбек Есдәулеттің 65 жылдық мерейтойы аталып өтті. Мерейтойлық іс-шаралар Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.

Ұлықбек Оразбайұлы Есдәулет Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Үлкен Қаратал ауылында дүниеге келген. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) журналистика факультетін және Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы Жоғары әдеби курстардың поэзия бөлімін бітірген.

Ұлықбек Есдәулет шығармашылық жолын «Коммунизм туы» облыстық газетінде қызмет етіп бастаған. Содан кейін республикалық «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінің бөлім меңгерушісі, «Жазушы» баспасының редакторы, Қазақ телевизиясы жастар редакциясының редакторы, «Қазақ әдебиеті» газеті редакциясы бөлімінің тілшісі, «Жас Қазақ», «Қазақ әдебиеті» газеттерінің және «Жұлдыз» әдеби журналының бас редакторы болды. Ұлықбек аға әртүрлі уақытта ҚР Сыртқы істер министрлігінде бөлім меңгерушісі, ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің бөлім меңгерушісі, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінде мәдениет секторының меңгерушісі болып қызмет атқарды.

Мерейтой иесі - 20-дан астам поэзиялық жинақтың авторы, 1970 жылдары басылып шыққан «Қанат қақты», «Жұлдыз жарығы» кітаптарынан бастап «Алтын тамыр. Ел мен жер жырлары», «Киiз кiтап. Ел мен жер жырлары» сияқты көптеген көп томдық шығармалар жинағының авторы.

Ақынның шығармалары орыс, қырғыз, түрік, украин, болғар, ағылшын, үнді және қытай тілдеріндегі жинақтарда жарық көрген. Ұлықбек Есдәулет аудармашы ретінде А.Блоктың, Н.Рубцовтың, О. Рифаттың, А. Рысқұловтың, Б. Шинкубтың, П. Мовчанның, С. Муккерджидің және басқа да алыс және жақын шетелдегі ақындардың шығармаларын қазақ тіліне аударған.

Ұлықбек Есдәулет – Қазақстан журналистика академиясының академик-мүшесі, Гуманитарлық ғылымдар академиясының құрметті академигі, Қырғызстан Жазушылар одағының құрметті мүшесі, Түркі әлемінің Халықаралық Поэзия академиясының мүшесі, Түркі әлемінің әдеби журналдары конгресінің тұрақты кеңесінің мүшесі.

Ұлықбек ағаның шығармашылық жолында әртүрлі сыйлықтармен марапатталған: Қазақстан Ленин комсомолы премиясының (1986), түркі тілдес елдер поэзиясы фестивалінің (1995), «Алаш» халықаралық әдебиет премиясының (2000), ҚР Мемлекеттік сыйлығының (2002), Қазақстан журналистер Академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығының (2007) лауреаты. Ұлықбек аға «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен марапатталған, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы/төсбелгісі бар, сондай-ақ, Ресейдің Алтын Есенин медалінің кавалері.

Ұлықбек Есдәулетті құттықтау және оған салтанатпен құрмет көрсету А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында басталды. Ақынмен кездесудің екі сағаттық уақыты оқырмандар үшін аздық еткені сөзсіз.

Кездесу барысында шығармашылық сұхбатты Қазақстан Жазушылар одағы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Әлібек Қаңтарбаев және жас талантты ақын Гүлнұр Зұлқаршын жүргізді. Жиналған қауым – Өскемен қаласының жұртшылығы, қаламдас әріптестері, жақын достары, кітапханашылар, оқырмандар және басқа да жырсүйер қауым мен Ұлықбек Есдәулеттің шығармашылығын сүйіп оқитын оқырмандары мерейтой иесінің кітаптары мен ақын туралы әдебиетке арналған ауқымды кітап көрмесімен танысты, ақын тағдыры жайлы әңгімелерді, оның жырларын өз аузынан, жас ақындардың орындауында тыңдап шабыттанды.

Шығысқазақстандықтар Ұлықбек ағаны «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының әнұранына айналған «Заман-ай» мәтінінің авторы ретінде жақсы таниды. Бұл ақындық шеберліктің жауһары Ұлықбек Есдәулеттің түркі поэзиясының тарихында мәңгі қалуы үшін жеткілікті болар еді, өйткені «Заман-ай» әнінің әрбір жолы ядролық сынақтардың қасіреті туралы аса жанашырлықпен және жоғары көркемдік шеберлікпен жазылған. «Заман-ай» сөзі көптеген жылдарға созылған ядролық сынақтардың адамгершілікке жатпайтындығын дәл және бейнелі түрде білдіретін вербалды кодқа айналды. Кездесу барысында көрермендерге «Заман-ай» әнінің алғашқы орындаушысы - Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның Ұлықбек ағаны құттықтау бейнежолдауы көрсетілді, әннің өзі облыстық театрдың әртісі Майра Арғынбекованың вокалдық орындалуында шырқалды.
Бәрінен де Ұлықбек ағаның өлеңдерін оқып, өздерінің поэзиялық арнауларын сыйлаған «Тамшы» кітапхана клубының жас өкілдері көрермендерді тамсандырды.

Ақынның алғашқы өлеңдері 9-сыныпта оқыған кезде, 14 жасында жарияланды. Ұлықбек балаға сөзге деген сүйіспеншілікті анасы - филолог-оқытушы ұялатты. Айтпақшы, Ұлықбек ағаның анасынан өз кезінде көптеген танымал тұлғалар - біздің жерлестеріміз, олардың арасында болашақ талантты балалар жазушысы Марат Қабанбаев та білім алған. Ақынның әкесі биология пәнінің мұғалімі, үйде де, мектепте де ағаштардың әртүрлі сорттарын, соның ішінде жеміс ағаштарын отырғызған. Ал бүгінде Ұлықбек ағаның туған ауылында әлі де әкесінің бағы - Оразбай Есдәулеттің бағы деп аталатын бақ бар.

Ұлықбек аға Алматыға ақын болуды армандап келген кезде, алдымен сол кездегі белгілі Қадыр Мырзалиев пен Фариза Оңғарсыновамен кездесті. Қ.Мырзалиев оған балаларға арналған 10 шығарма жазуды ұсынғанда, Ұлықбек аға жазды. Оның шығармалары Қадыр Мырзалиевке ұнады, сонымен қатар, ол Ұлықбек аға нағыз балалар жазушысы екенін айтты. Алайда, Ұлықбек аға балалар жазушысы болудан гөрі көп нәрсені қалады. Ал Фариза Оңғарсынова жас талантты танып, оны «Қазақстан пионері» газетінің редакциясында қызмет етуге шақырды.

Ұлықбек аға алғашқы рет институтқа түсе алмай, Өскеменге қайтып келді. Оны облыстық «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар» газеті) газеті баспасына жұмысқа қабылдады. Ол кезде газетте танымал журналистер Серік Ғабдуллин, Тұрғазы Нұқаев, Мүсілім Құмарбеков, Ғалым Байбатыров жұмыс істеген, өкінішке орай, қазір олардың барлығы да қатарымызда жоқ, дүниеден озды. Олар өз араларында есімдеріне «аға» деп қосып айтатын, ал 17 жастағы Ұлықбекті Ұлы-аға деп атап кетті. Жас болғандықтан, ол мұндай атаудан қатты қысылатын, бірақ кейін біртіндеп үйреніп те кетті.

«Өмірде әр түрлі сәттер болған», - деп еске алады Ұлықбек аға. Бала кезінде ол ләңгі ойнаудың және асық ойынның құмар ойыншыларының бірі болды. Кейде олжалы боп, кейде соңғы асықтан ұтылып қайтатын. Бірде өзінің жерлес-жазушы Әлібек Асқаровқа барып, заттарын қалдырып кетті. Содан кейін қалаға оралғанда, Әлібек Асқаровтың әскерге шақырылғанын біліп, Ұлықбек аға сол жылы оған қаншалықты суық болғанын әлі күнге дейін ұмыта алмайтынын айтты. Алматыға жерлес жазушы Оралхан Бөкейхановпен танысуға барғанын, ол іссапарда болғандықтан, сонда басқа атақты жазушы Сағат Әшімбаевпен танысқанын айтты.

Кітапханадағы кездесуде Ұлықбек аға өзінің сүйікті өлеңдерін, соның ішінде әйгілі «Жемен-ай» туындысын оқыды. Оның балалық шағында Жеменей-ай шетел аумағынан ағып, оны Бала Ертіс, Қара Ертіс деп атайтын үлкен өзен болатын. Ол Жемен-ай өзенінің бойында өсті, оның өміріндегі көптеген жарқын оқиғалар осы жермен байланысты болған. Сондықтан да, бұл шығарма кейіннен танымал әнге айналды.
Ұлықбек Есдәулетке құрмет көрсету облыстық драма театрында «Алтын ұям - Алтайым» атты мерейтойлық кешімен жалғасты. Мерейтой иесін мерей күнімен жазушылар мен достары, оның ішінде белгілі ақын Тыныштықбек Әбдіқәкімұлы, Аймұханбет Бейсембеков, қоғам қайраткері Түсіпхан Түсіпбеков және Қайрат Мусин құттықтады.

Маған облыс әкімінің атынан мерейтой иесін құттықтау мәртебесі берілді.
Облыстық мәдениет басқармасы Ұлықбек аға құрметіне тамаша концерт дайындады деп мақтанышпен айта аламын.
Театрдың жас актерлерінің орындауында Ұлықбек-ағаның өлеңдеріне жазылған, атақты әншілер Еркін Шүкіманов, Нұргүл Қабдоллаева, Айжан Мазкенова, Әділ Тұрғанбаев әндерінен құрылған терең лиризмге толы әдемі поэтикалық композиция салтанатты шараға қатысушылардың жүрегін жаулап алды. Сөз шеберлері, халықтың жүрегіне шығармашылығымен жол тапқан жалпыға сүйікті Ұлықбек Есдәулеттің жерлестері ұзақ қол шапалақтап, өзінің атақты мерейтой иесінің дарынына деген құрмет пен сүйіспеншіліктерін білдірді.

Біз Ұлықбек ағаны мерейтойлы туған күнімен тағы да құттықтаймыз! Мықты денсаулық және ұзақ шығармашылық өмір тілейміз! Біздің мерейтой иесінің таланты мен туындылары қазақстандықтардың жаңа буынына шабыт беріп, әлемдік мәдени кеңістікте танылуға мүмкіндік берсін!

 

esdaulet chapan esdaulet stihi esdaulet zal3   esdaulet zal6 esdalet kuanysh2
esdaulet zal5 esdaulet zal2 esdaulet BZH knigi   esdaulet gulnuur ecdaulet vseIMG 1073

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26340629
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102