«Оқу көшбасшысы – 2019» және «Мен құпияны ашамын» сайыстарының қорытындысы
- Толығырақ
- Құрылды 21.09.2019 13:51
25 қыркүйек сағ.15.00-де А.С. Пушкин атындағы кітапхана «Оқу көшбасшысы–2019» және «Мен құпияны ашамын» сайыстарының жеңімпаздарын марапаттайды.
Салтанатты шара «Мен құпияны ашамын» сайысының жеңімпаздарын анықтаумен ашылады (Ұлт Көшбасшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы бойынша).
Аталған сайыс кітапхананың бастамасымен балалар мен жасөспірімдерді патриоттық тәрбиелеу, туған өлке тарихына деген қызығушылықтарын арттыру және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жыл басында бастау алған болатын.
Сайысқа облыс аудандарынан 120-ға жуық оқушы қатысты. Қатысушылар «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының негізгі ережелері бойынша өздерінің суреттерін, шығармалары мен өлеңдерін ұсынды (очерк, әңгіме, ертегі, өлеңдер).
Мысалы: «Заманауи Алтын адам», «Ұлы Жібек жолының өркендеуі», «Қызғалдақ туралы аңыздар», «Қызғалдақ – елдің символы», «Қызғалдақтың тарихи отаны», «Қазақстанның алмалары» т.с.с.
А.С. Пушкин атындағы кітапханада «Оқу әлеміндегі оқырман ұлт» мәдени жобасы аясында 6-15 жас аралығындағы оқырмандар арасында бастау алған бұл сайыс жастар арасында қызығушылық тудырды. Жас өрендер жүлделі орындарды иелену үшін көптеген кітаптар оқып, алуан түрлі мазмұн мен үлгідегі пікірлерін, тіпті презентация мен бейнеролик нұсқасында да қалдырған.
15 жасқа дейінгі барлығы 1987 оқырман тіркелген, олардың 870-і өте белсенді балалар мен жасөспірімдер. Олар ағымдағы жыл көлемінде 5600 кітап оқып үлгерген. Жеңімпаздарды марапаттау салтанатында Оқу көшбасшысы
- 2019 сайысының жүлделі орын иегерлері келесі жас ерекшелігі бойынша анықталады: 6-9 жас, 10-12 жас , 13-15 жас.
Шығысқазақстандық өскелең ұрпақтың сүйіп оқитын кітаптарын арнайы ұйымдастырылған көрмеден ташалауға болады. Сондай-ақ, аталған көрмеден оқу көшбасшыларының кітаптарын, олардың әсерлі ойларын таба аласыздар.
Келіңіздер, белсенді оқырман жастарымызға бірлесіп қолдау көрсетейік!
Байланысшы: Құдайбергенова Н.
Тел.:26-13-33
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26330592
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы