homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВҚР Премьер Министрінің орынбасары Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев кітапхана оқырмандарымен кездесті
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

ҚР Премьер Министрінің орынбасары Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев кітапхана оқырмандарымен кездесті

21 қыркүйек 2019 жылы А. С. Пушкин атындағы ШҚО кітапханасында ҚР Премьер Министрінің орынбасары Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев болды.

Құрметті қонақтарды ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы» директоры міндетін атқарушы Шағиева Бибігүл Жамбылқызы қарсы алып, кітапханаға экскурсия жасады.
Бердібек Мәшбекұлын кітапхана қызметкерлері арнайы презентациясын жасаған «Дала өркениеті: ежелден қазірге дейін» және «Абай әлемі» кітап көрмесі қызықтырды.
Делегацияға қатысушылар жастарға арналған Білім орталығы, түрлі техникамен жабдықталған Maker Space алаңы, кітапхананың Балалар секторын, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған мамандандырылған зал, кітапхананң Үлкен залы, Жаңа қазақ тілі әліпбиін оқыту залы мен «Аз қамтылған отбасы балаларына арналған ағылшын тілі» арнайы жобасы жүзеге асатын Халықаралық ресурстық орталығымен танысты.
Экскурсия аяқталған соң ҚР Премьер Министрінің орынбасары Сапарбаев Бердібек Мәшбекұлы оқырмандармен, ҮЕҰ белсенділерімен, жас көшбасшылар және студенттермен жүздесті.
Шығысқазақстандық өскелең ұрпақ өңір дамуына өз үлестерін қосуда. Кәсіпкерлер мен жастар ұйымының көшбасшылары Бердібек Мәшбекұлына өздерінің жұмыстары жайлы әңгімелеп, жоспарларымен бөлісті.
Евгений Выблов, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының финалисі, әнші, балалар үйінің музыкалық жетекшісі, ШҚО Өскемен қаласының «Үміт» балалар үйінің түлегі, Бердібек Мәшбекұлына өзінің жаңа әндер дискісін сыйға тартып, балалар үйі тәрбиеленушілерінің сәлемін жолдады.
Кездесу соңында Бердібек Мәшбекұлы Шығыс Қазақстанның жастары өздерінің ерекше қабілеттерімен,дарындарымен ерекшеленетінін айтып, жас ұрпаққа болашағын туған елге арнауды тіледі.

caparbaev 1 1 caparbaev 1 3 caparbaev 1 2 caparbaev 1 14 caparbaev 1 17 caparbaev 1 18

 Байланысшы: Валентина Райхель, тел.261 333, ішкі119

 

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26333149
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102