«Таулар ұйықтамайды»: кітаптың тұсаукесері
- Толығырақ
- Құрылды 22.09.2019 13:40
2019 жылдың 26 қыркүйегінде сағат 16.00-де А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында жерлес ақын Хамит Балшабековтың 80 жылдық мерейтойына орай «Таулар ұйықтамайды» атты кітабының тұсаукесері өтеді.
Хамит Балшабеков 1939 жылы 20 желтоқсанда Қытай Халық Республикасы Тарбағатай ауданы «Үшқарасу» деген жерде дүниеге келген. 1962 жылы ақынның отбасы Қытайдан Қазақстанға оралады. Қарағанды облысының Жезқазған аймағы «Жетіқоңыр» совхозына келіп, әкесі мен анасының қасына малшы болып орналасады. Кейін Семей қаласындағы Н. Крупская атындағы педагогикалық институттың қазақ тілі мен әдебиеті факультетінде оқып, белгілі ғалымдар Қ. Мұқамедханов, Қ.М. Жүнісов, Қ. Шаяхметов сынды ұстаздардан білім алады.
1970 жылы ақын Шығыс Қазақстан облысындағы Шілікті ауылына қоныс аударып, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып қызмет атқарған. Хамит ағаның табан астында өлең шығаратын суырып салмалылық қасиеті де жерлестерінің есінде.
Тарбағатай ауданының мәдениет саласында елеулі істер атқарып, ақындық пен қатар актерлік өнерін де шыңдай білген. Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу», Құдаш Мұқашевтің «Таң атып келеді» спектакльдерінде режиссер ретінде көрінсе, «Таң атып келеді» спектаклінде І. Жансүгіровтің бейнесін сомдаған. «Жылқышы әні» атты алғашқы жыр жинағы 1969 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көреді. Кейінгі жылдары «Суырлының сұлу арқасында» атты жыр жинағы (1993), «Өмір мен саған ғашықпын» кітабы (2003), «Қантамыр», «Балтамыр» (2007), «Шұғыла көңіл» атты жаңа жыр жинақтары (2008) жарық көрді. «Тарбағатай ақындары жырлайды» атты жинаққа өлеңдері енген.
Жиырмадан астам өлеңдеріне ән жазылған. Атап айтқанда, «Мұзтаудың мұзбалағы», «Ұрпақ дауысы», «Әнші қыз», «Қосқарагөз», «Қос бұрым», «Жалши әні» өнер сүйер қауымның сүйіп тыңдайтын әндеріне айналған.
2006 жылы ақынға «Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Ақын ұзаққа созылған ауыр науқастан 2007 жылы дүниеден өтті. Кейіннен Шілікті ауылындағы саябаққа Хамит есімі берілді.
Ақын мерейтойына арналған шараға алыстан ақынның жан жары, балалары келіп қатысады. Ұлы – Мерей әкесінің сөзіне жазылған әндерді орындайды. Алматыдан, Семейден ақынның көзін көрген замандастары, ақын-жазушылар И. Рамазанов, Т. Әбдікәкімов, М.Тастағанов және қаламыздағы зиялы қауым өкілдері шақырылып отыр. «Қазақ радиосының» дикторы, көркемсөз оқу шебері Ғ. Манайұлының орындауында Х. Балшабековтың өлеңдері оқылады. Әншілер Д. Сәдібаев, Ә. Манасбаев ақын өлеңдеріне жазылған әндерді орындаса, кеш шымылдығын дауылпаз ақын А. Кәкенов арнау өлеңімен ашады.
Ақиық ақынымызды ұлықтайтын дүбірлі кештен қалып қалмаңыз! Біз сіздерді күтеміз!
Келем деушілерге есік ашық.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26341897
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы