homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ«Оқу көшбасшысы – 2019» және «Мен құпияны ашамын» сайыстары өз мәресіне жетті
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Оқу көшбасшысы – 2019» және «Мен құпияны ашамын» сайыстары өз мәресіне жетті

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарлама аясында кітапханада облыстық «Мен құпияны ашамын» және «Кітап оқу көшбасшысы - 2019» байқаулары жарияланған болатын. Аталған сайыс кітапхананың бастамасымен балалар мен жасөспірімдерді патриоттық тәрбиелеу, туған өлке тарихына деген қызығушылықтарын арттыру және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жыл басында бастау алған болатын.

Бүгін 25 қыркүйек күні екі бірдей ауқымды байқау қорытындысын жариялауға арналған салтанатты іс-шара өтті. А.С. Пушкин атындағы кітапхана сайыстың сайыстарының жеңімпаздарын марапаттады.

Нургуль Құдайбергенова, балалар оқу залы мен әлеуметтік жобалар Орталығының жетекшісі:
Сайысқа облыс аудандарынан 120-ға жуық оқушы қатысты. Қатысушылар «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының негізгі ережелері бойынша өздерінің суреттерін, шығармалары мен өлеңдерін ұсынды (очерк, әңгіме, ертегі, өлеңдер).
«Оқу әлеміндегі оқырман ұлт» мәдени жобасы аясында 6-15 жас аралығындағы оқырмандар арасында бастау алған бұл сайыс жастар арасында қызығушылық тудырды. Жас өрендер жүлделі орындарды иелену үшін көптеген кітаптар оқып, алуан түрлі мазмұн мен үлгідегі пікірлерін, тіпті презентация мен бейнеролик нұсқасында да қалдырған.
Сайыс жеңімпаздары:
«Үздік әңгіме құрастырушы» номинациясы бойынша 9-11 жас аралығында
ІІІ орын – Ерланова Айғаным, Шығарманың атауы: Атқа міну мәдениеті. Тарбағатай ауданы. Жаңаауыл ауылы. Ақынов атындағы орта мектебі.
ІІ орынды – Өскемен қаласы әкімдігінің «Зәки Ахметов атындағы № 16 орта мектебінің» оқушысы Махсатова Айым иеленді. Айымның шығармасы: «Есімі аңызға айналған Тұмар патшайым» деп атталады. .
І орынды - Кенжехан Айжан. Шығармасы «Хауыз ашқан қызғалдақ» деп аталады.
Осы номинация бойынша бас жүлдені Хамитова Шырай иеленді Қанатқызы, Шығарманың атауы: «Жылқы - қасиетті жануар», Аягөз ауданы «Ақши» жалпы білім беретін орта мектеп интернатының оқушысы.

«Мен құпияны ашамын» сайысы бойынша «Лучший рассказ» номинациясымен 6-9 жас аралығында бас жүлдені «Цветочная азбука» әңгімесімен Шемонаиха аудандық балалар кітапханасының оқырманы Никитина Арина иеленді.

«Үздік әңгіме құрастырушы» номинациясы бойынша 10-12 жас аралығында:
ІІІ орын– Советай Толғанай. Ол «Алтын адам туралы ертегі» жазған екен. Толғанай Бородулиха ауданы, Камышенко аулылы, «Камышенка» орта мектебіның оқушысы.
ІІ орын - Андронова Дарья. Шығарма атуы: «Алма бақтың сан сыры». Дарья «Үміт» балалар үйінің оқушысы.
ІІ орын - Қыдырханов Бейбарыс Шығарма атауы: «Қызғалдақ - еліміздің символы». Ол Глубокое ауд. Белоусовка кенті, №1 Белоусовка орта мектебіның оқушысы.
Ең тартымды, мазмұнды шығарма жазып, бас жүлдені иеленген – Қайратқызы Саяжан «Қызғалдақ пен бала».
12-15 жас аралығында
ІІІ орын - Гордеева Милана №37 орта мектептің оқушысы. Сайысқа ұсынған шығармасы - «Рассвет Великого Шелкового пути» деп аталады.
ІІ орын - Гагарин орта мектебінің оқушысы Юрочкина Виктория «Легенды о тюльпанах» әңгімесімен.
І орынды - «Яблоки из Казахстана» черкімен Сычев Никита иеленді. . Никита Бобровка ауылдық кітапханасы атынан қатысқан болатын.
Гран-приді «Семь граней Великой степи» өлеңімен № 27 мектептің оқушысы Ринатов Архат алды.
«Үздік әңгіме құрастырушы» номинациясы бойынша 13-15 жас аралығында ІІІ орын Пероженникова Анастасия. Ол «Гүл патшасы- қызғалдақ» атты шығарма жазыпты. Анастасия «Үміт» балалар үйінің оқушысы.
ІІ орын Назибеков Бекжан Дамирұлы. Ол «Алтын адам» деген ертегі жазыпты. Бекжан Зайсан аудыны, Қуаныш ауылы. А. Орманбетов атындағы негізгі орта мектептен келіпті.
І орын Сағадат Шұғыла. Ол өзінің «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты шығармасында Мамырсу өлкесінің тумасы, танымал биолог, «Биология» оқулығының авторы Жұмахан Маусымбайұлы Кудерин туралы жазған екен. Шұғыла Аяғөз ауданы, Мамырсу ауылының С. Ғаббасов атындағы жалпы білім беретін орта мектепте оқиды.
Осы номинация бойынша бас жүлдені иеленген - Баймулаев Шоқан. Ол «Жеті қырлы қазынам» атты өлең жазған екен. Шоқан Бордулиха ауданы, Камышенко аулылы, «Камышенка» орта мектебіның оқушысы.
«Үздік сурет» номинациясы бойынша 6-9 жас
ІІІ орын –«Весеннее цветение» - Петрова Варвара – Шемонаиха қаласы «Өнер мектебі»
ІІ орын – Птица счастья на ветке Яблони»- Антонова Софья, Бобровка ауылдық кітапханасы.
І орын – «Весна в степи» - Астанина Никиты, Тарханка ауылдық кітапханасы
Гран-при «Тюльпановые дали» - Дакиева Дарина - Шемонаиха қаласы «Өнер мектебі»
10-12 жас аралығындағы «Үздік сурет» номинациясы бойынша сайыскерлер
ІІІ орын – Шушаковой Ксения «Париж» суреті – Өскемен қаласы № 27 орта мектеп.
ІІ орын - Шевченко Татьяна «Музыка степей» суреті, Шемонаиха қаласы «Өнер мектебі»
І орын – Петров Егор, Тюльпан Регеля» суреті - Шемонаиха қаласы «Өнер мектебі»
Гран-при Бектурсунова Арина «Яблоня Сиверса» суреті, Шемонаиха қаласы «Өнер мектебі»
«Үздік сурет» номинациясы бойынша, 13-15 жас аралығы
ІІІ орын - Мадетов Талант «Всадники Великой степи» суретімен - А.С. Иванов атындағы жалпы білім беретін мектебі.
Сондай-ақ, Қамзаева Еркежан Саясатқызы «Атқа міну мәдениеті» суретімен, Үржар ауданы. Жансүгіров атындағы орта мектебі.

ІІ орын: Шемонаиха қаласы «Өнер мектебінен» Антропова Анастасия  - «Связующий путь» , Кущенко Игорь Алексеевич - «Дорога домой» .
І орын - Политова Мария «Караван», Сидорова Валерия «Скачки»- Шемонаиха қаласы «Өнер мектебінен
Гран-при Цыкунова Алина «Келін түсіру"
«Кітап оқу көшбасшысы» сайысына қатысушылар жас ерекшелігіне қарай 3 санат бойынша топтастырылып, жеңімпаздар анықталды. 1 санат: 6-8 жас аралығы, 2 санат: 9-11 жас аралығы, 3 санат: 12-15 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер.
6-8 жас аралығында Кітап оқу көшбасшысы - Рахымбекова Аида, Самойлов Ярослав
9-11 жас аралығында Кітап оқу көшбасшысы - Қадылбекова Дина,
Баденова Дария.
12-15 жас аралығында Кітап оқу көшбасшысы - Ибраева Гүлім, Бурнашова Валентина.
«Мен құпияны ашамын» және «Кітап оқу көшбасшысы - 2019» конкурстарының қатысушылары мен жеңімпаздары сыйлықтар мен дипломдармен марапатталды. Біз жас оқырмандарымызды құттықтаймыз, және әрқашан биіктерден көрінулеріне тілектеспіз!

lider 1 1  lider 1 12 lider 1 14 lider 1 3 lider 1 6 lider 1 4

 Байланысшы: Ашкенова Ж.

Тел.: 26-39-46 (119)

  

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26337836
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102