«Қарттарым – асыл қазынам»: кездесу кеші
- Толығырақ
- Құрылды 05.10.2019 12:00
2019 жылы 9 қазан күні 15.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Қарттар күніне орай Қалалық ақсақалдар алқасымен бірлесе отырып жерлесіміз, еңбек және тыл ардагері, облыстық дәрежедегi дербес зейнеткер, Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы, Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері Бағдаулет Мурсалимовпен кездесу өтеді.
Қарттар күні – саналы ғұмырларын Отанына арнап, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің дамуына үлес қосқан алдыңғы буын аға-апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолы бүгінгі ұрпаққа табылмас өнеге. Аталмыш шара өлкемізді еңбекпен көркейткен ұлағатты қарттарымызды ұлықтауға арналып отыр.
Мурсалимов Бағдаулет қажы – 1937 жылы 26 қазан күні Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Қабанбай ауылында туған. Екі рет Мекке Мадинаға барып, қажылық парызын атқарған қажы. Облыстық ақсақалдар алқасының мүшесі, облыстық қажылар қауымдастығының төрағасы, дәулескер күйші, әнші. Өнерімен де, еңбегімен де ұрпақтарына үлгі болып жүрген абыройлы азамат.
Кеш барысында Б.Мурсалимовтың замандастары мен жерлестері кеш иесіне қатысты естеліктерімен бөлісіп, «Асыл мұра», «Қазына» ансамбльдері өз өнерлерін көрсетеді. Кеш иесі қазақтың қара домбырасымен халық әндері мен күйлерін орындайды.
Келем деушілерге есік ашық!
Байланысшы: Абылгазинова Гүлбаршын, Уалханова Рахия, тел.261333
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26343367
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы