homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ«Қарттарым – асыл қазынам»: Бағдаулет Мурсалимовпен кездесу
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Қарттарым – асыл қазынам»: Бағдаулет Мурсалимовпен кездесу

9 қазан күні А.С. кітапханада Қарттар күніне орай Қалалық ақсақалдар алқасымен бірлесе отырып жерлесіміз, еңбек және тыл ардагері, облыстық дәрежедегi дербес зейнеткер, Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы, Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері Бағдаулет Мурсалимовпен кездесу өтті. Кеш барысында Б.Мурсалимовтың замандастары мен жерлестері кеш иесіне қатысты естеліктерімен бөлісіп, «Қазына» ансамбльі өз өнерлерін көрсетті. 

Облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Манарбек Мұхамеджанов сөз алып, Бағдаулет Мұрсәлімұлын «Алғыс» төс белгісімен марапаттаса, кәсіпкер Мұрат Телебаев «Қазақстанның Құрметті азаматы» медалімен парапаттады.«Халифа Алтай» орталық мешітінің бас имамы Мұқатай Ермекқажы, Өскемен қалалық ақсақалдар алқасының төрағасы Сайлаухан Әбілханұлы Аухадиев т.б. қонақтар сөз алып, ағңаның еңбек жолына, өнер жолындағы шығармашылығына тоқталып, құттықтап, ізгі лебіздерін білдірді. 
Кеш иесі қазақтың қара домбырасымен «Теріскей», «Аңшының әні», «Бабалар-ай» сияқты әндерді орындап, қонақтарға ерекше көңіл-күй сыйлады. 
Абылгазинова Гульбаршын, библиограф-маман: Мурсалимов Бағдаулет қажы – 1937 жылы 26 қазан күні Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Қабанбай ауылында туған. Екі рет Мекке Мадинаға барып, қажылық парызын атқарған қажы. Облыстық ақсақалдар алқасының мүшесі, облыстық қажылар қауымдастығының төрағасы, дәулескер күйші, әнші. Өнерімен де, еңбегімен де ұрпақтарына үлгі болып жүрген абыройлы азамат.
Ел мүддесін бәрінен биік қоятын,өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса осы қарттарымыз –асыл қазыналарымыз аман болсын!

Кездесу фотосуреттерін фейсбуктегі парақшамыздан көре аласыздар https://www.facebook.com/groups/pushkinlibrary.kz/

 

Байланысшы: Жансая Ашкенова

Байланыс тел.: 26-39-46

 

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26341006
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102