Рухани жаңғыру. Борис Щербаков: «Менің әлемім – Қазақстан»
- Толығырақ
- Құрылды 11.10.2019 19:54
11 қазан күні, сағат 16.00-де шығысқазақстандық қоғамдастық тамаша жерлесіміз, белгілі орнитолог, зерттеуші ғалым, белгілі қаламгер, өлкетанушы – Борис Щербаковты 80 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Мерейтой иесін құттықтауға Достық үйі- қоғамдық келісім орталығына ШҚО мәслихатының хатшысы Владимир Головатюк, Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ирина Смит, Достар үйінің директоры Эльдар Төлеубеков, Қазақстан-Американдық еркін университетінің проректоры Марина Кикина, «Звено Алтая» әдеби бірлестігінің жетекшісі Наталья Матвеева, ақын, журналист, ШҚ облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Пуссеп Г.Н., т.б. әріптестері, достары, ақын-жазушылар, журналистер келді.
Ғалым-натуралист өзінің саналы ғұмырын Шығыс Қазақстан облысының таңғажайып табиғатын сақтауға арнады. Борис Щербаковтың бастамасымен Батыс-Алтай табиғи қорығы құрылып, 10 жылға (2017 жылдан бері) көктемгі аңшылыққа тыйым салынды. Борис Щербаковтың қатысуымен Тарбағатай табиғи қорығы, Марқакөл қорықтары ашылып, сонымен бірге, Тарханка және Риддер аудандарында ағаш кесу тоқтатылды. Ғалым Қазақстан, Орта Азия, Алтай, Индия, Вьетнам және тағы басқа елдерге 300-ден астам экспедиция жасап, нәтижесін осы елдердің табиғаты жайлы қызықты және танымдық очерктерінде баяндайды.
Мерейтой иегерінің қызметі ғылыми еңбектерімен шектелмейді. Борис Щербаков – 35 көркем, ғылыми-көркем және ғылыми-танымдық кітап, әңгіме, эссе, сондай-ақ, педагогика, ботаника, экология, миграция, эволюция, құстар, бауырмен жорғалаушылар, сүтқоректілер әлемі туралы жазған 200-ден аса ғылыми публикация авторы.
Соның ішінде: «У каждой сказки своя правда…» қызықты жинағы, «Старое подворье» тартымды әңгімелері, «Доктор Филипп и его друзья, или криминальные истории в природе» детективі бар, онда автор адамның қоршаған ортамен өзара құпия сырға толы байланысын ашады. Ғалым Борис Щербаков пен Виктор Понявиннің «Восточный Казахстан – сердце Евразии» атты іргелі еңбегі 1140 беттен тұратын өзіндік жол көрсеткіш. Аталған еңбек облысымыздың табиғатын, аңыз-әңгімелерін, жергілікті географиялық атаулар тарихын әңгімелейді. Сондай-ақ, 40 жылдан астам уақыт бойы жинаған дала экспедициялары материалдары енген еңбекті – ҚР Бірінші Президенті Н.Ә.Назарбаев ерекше бағалады.
Жазушының «Путь к Абаю» (2005) және «Звездная степь Жидебая» (2017) еңбектері, оның қарапайым табиғат әлемі соқпағынан басталып, қазақ әдебиетінің алып шыңы – қазақ ақыны, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбаевқа дейінгі терең шығармашылық жолдан өткенінің айғағы. 2018 жылы «Абай әлемі»/«Мир Абая» кітап сериясы» жаңа өңірлік жобасымен Б.Щербаковтың жаңа жинағы жарыққа шықты.
Қонақтар мерейтой иесімен бірге Борис Васильевич Щербаковтың өмір жолына саяхат жасады. Тамаша суреттердің, әртүрлі жылдардағы экспедициялардан алынған жазбалардың, жеке заттарының көрмесі, мерейтой иесінің өзімен кездесу кеш қатысушылары үшін ерекше ұмытылмас оқиға болды. Кездесу шымылдығын ашқан Борис Щербаковтың қаламынан туған аңыз қонақтарды жазушының керемет әлемімен таныстырды.
Сонымен қатар, қатысушылар мерейтой иесінің шәкірттерінің, әріптестерінің, достарының естеліктерінің куәсі болды. Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдаулетов құттықтауын жолдады. Сондай-ақ, Борис Васильевичтің студенті, Ресей ғылым академиясының, Сібір бөлімшесінің биология ғылымдарының докторы С.М. Цыбулин ұстазын тамаша бейне құттықтауымен қуантты.
Қазақ халық аспаптар оркестрінің, «Ертіс концерт» әншілерінің орындауындағы ән-шашулар, Б. Щербаковтың әңгіме желісі бойынша облыстық драма театры әртістері дайындаған театрландырылған қойылым, «Жалында» және «Арабеск» би-ансамбльдерінің композициялары мерекеге ерекше эмоционалды атмосфера мен ұмытылмас шығармашылық шабыт сыйлды.
| |
|
||||
Байланыс тел.:26-13-33, Ашкенова Жансая
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26337362
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы