homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВРухани жаңғыру:Ел тарихының парақтары: Қазақ хандығына 555 жыл
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Рухани жаңғыру:Ел тарихының парақтары: Қазақ хандығына 555 жыл

7 ақпан күні, сағат 15.00-де А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының акт залында тарих ғылымдарының докторы, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың профессоры Игибаев Советхан Кабдуалиевич, қоғам қайраткері, мәдениет, спорт, туризм, ақпарат қызметкерлері кәсіподағының ШҚ облыстық филиалының төрағасы Түсіпбеков Түсіпхан Түсіпбекұлы және қала жұртшылығы мен тарихшылардың қатысуымен Қазақ хандығының 555 жылдығына арналған «Қазақстанның тарихи ғұмырнамасы» атты кітап көрмесінің тұсаукесері өтті.

Әлемнің жетекші мұрағаттарынан Қазақстан тарихы туралы құжаттарды жинауға және зерделеуге мүмкіндік берген «Халық Тарихы толқынында» бағдарламасының арқасында еліміздің шынайы мемлекеттілігі 1465 жылдан, яғни Қазақ хандығы құрылған кезеңнен басталғаны анықталды. Тарихшылардың қолдауымен А.С.Пушкин атындағы кітапхана мамандары ұйымдастырған көрмеде қазақ мемлекеттілігінің басталуы тақырыбын ашатын кітаптар, зерттеулер мен ғылыми жұмыстарды таңдап, ұсынды.
Бақтыбаева Анар, Оқу залы Орталығының жетекшісі:
1465-1466 жылдары Қазақ хандығы құрылды. Жәнібек пен Керейдің ұрпақтары - Бұрындық, Қасым, Хақназар, Есім, Тәуке ханның тұсында аумақ едәуір кеңейіп, нығайтылды, тұрғындар саны көбейді. Мәселен, Қасым ханның тұсында қазақтар тәуелсіз этникалық топ ретінде Батыс Еуропада танымал болды, сонымен бірге оның қол астында Қазақ хандығы өзінің ең жоғарғы шегіне жетіп, Қасым хан Шығыс Дешті-Қыпшақтың кең аймақтарына бақылау орнатты.
Есім ханның тұсында Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатына көптеген жаңалықтар енгізілді. Есім хан азаматтық араздықты, сұлтандардың жергілікті оқшаулануын баса алды және жоңғарлардың шабуылына тойтарыс берді, Бұқара, Турфан, Қашқар және Қырғызстан халқымен қарым-қатынаста ерекше дипломатиялық шеберлік көрсетті.
Көрмеде ұсынылған қазақ мемлекетінің құрылу тарихында жарқын із қалдырған Б. Карибаевтың он жеті билеуші туралы «Казахские ханы» кітабы оқырмандардың үлкен қызығушылығын туғызды. Сондай-ақ, «Алаш» көсемдерінің тағдыры, олардың шынайылығы, қайсарлығы, Ұлы Отан соғысының батырлары және қазіргі заман азаматтарының ерлігі туралы басылымдарға да қызығушылық ерекше болды.

Абдеева Яна, Оқу залы Орталығының қызметкері:
Көрмеден оқырмандар И. Калашниковтың XII ғасырдың аяғы - XIII ғасырдың басындағы Тимучин - Шыңғыс ханның өмір тарихын баяндайтын «Жестокий век» романын да таба алады. Сондай-ақ, XV ғасырдан XIX ғасырдың ортасына дейін Темір империясы құлағаннан кейін қазақ тайпаларының бірігу кезеңінде қазақ халқының тарихын қайта жаңғыртқан І. Есенберлиннің әйгілі «Көшпенділер» трилогиясы да ұсынылған.
Көрменің тұсаукесерінен соң, кездесу қонақтары студенттер, әскери полиция қызметкерлері, мектеп оқушылары, тарихи дәріс тыңдап, тарихи блиц тестілеуге және латын қарпінде тақырыптық диктантқа қатысты.
Құрметті оқырмандар! «Қазақстанның тарихи ғұмырнамасы» көрмесі жыл көлемінде жұмыс істейді. Баршаңызды тарихтың жаңа парақтарын ашып, «өткенге көз салып, болашақты түсінуге» шақырамыз.
Байланысшы.: Жансая Ашкенова, тел: 26-13-33

xanc 1 7 xanc 1 4 xanc 1 15 xanc 1 9 xanc 1 8 xanc 1 11
xanc 1 34 xanc 1 28 xanc 1 25 xanc 1 18 xanc 1 23 xan 1 1

 

Байланысшы: Ашкенова Жансая, тел.261 333, ішкі.119

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26342200
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102