Кітапханада «Mendeleev Lab» акциясы өтті
- Толығырақ
- Құрылды 12.10.2019 17:35
12 қазан күні қаламызда А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының Білім орталығында тұңғыш рет «Mendeleev Lab» («Химиялық зертхана») ғаламдық білім беру әрі ағартушылық бағыттағы акциясы өтті. Іс-шара БҰҰ мен ЮНЕСКО жариялаған Халықаралық химиялық элементтердің периодтық кестесі жылы шеңберінде 30-дан астам елде өтті. Бұл күн кездейсоқ таңдалған жоқ. 12 қазан – Михаил Ломоносов Петербург Ғылым академиясы жанында негізін қалаған алғашқы химиялық зертхананың туған күні саналады.
Жаһандық химиялық зертханалық – "ХимЛаба" – бұл химиялық білім призмасы арқылы әлем туралы өз түсініктерін қызықты тексеру. Озонға бай ауа пайдалы ма? Күнде су бар ма? Сынаптан алтын жасауға бола ма? «Лаборанттарға» түрлі нұсқадағы 39 тапсырма беріледі, оның ішінде химиялық элементтердің «үш өлшемді» кестесіне ғана емес, сонымен қатар химия айналасындағы ең таралған мифтерге арналған "мерейтойлық" айдар да бар.
Викторина екі нұсқада ересектерге және балаларға арналды Акцияға студенттер, оқушылар және қызығушылық танытқан қала тұрғындары келді. Іс-шараны «зертхана меңгерушілері» – тәжірибелі химия оқытушылары мен ғылым насихаттаушылары жүргізіп, дұрыс жауап табуға көмектесті. Жоғары балл жинаған қатысушылар халықаралық химиялық зертхана жеңімпаздарының беделді сертификаттарын иеленді. Акция соңында барлық қатысушыларды келесідей керемет қосымша – химиялық тәжірибелер, эксперименттер мен көрсетілімдер бағдарламасының куәсі болды. . Сондай-ақ, викторинаның онлайн нұсқасына да қатысты. Байланысшы: Максимова Марина,тел.: 261-333, 87053180950
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26333507
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы