homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ«Қазақтың ру-тайпа атауларына ғылыми көзқарас» кітабының тұсаукесері
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Қазақтың ру-тайпа атауларына ғылыми көзқарас» кітабының тұсаукесері

2019 ж. 23 қазан 15.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада тарих ғылымдарының кандидаты, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің  доценті Ақанов Маратбек Қамзаұлының «Қазақтың ру-тайпа атауларына ғылыми көзқарас» кітабының тұсаукесері  автордың қатысуымен өтеді.

«Қазақтың ру-тайпа атауларына ғылыми көзқарас» еңбегінде ру-тайпа атауларының шығу тарихына ежелгі түрік, араб, парсы, монғол, қытай сөздіктері мен әр түрлі жазбаша түпнұсқалардағы деректер пайдаланылған. Автор осы атауларды ауыз әдебиетіндегі мәліметтермен ұштастыра отырып, ғылыми талдау жасаған.
Басылымда найман, арғын, керей, жалайыр, байжігіт, қаракерей, балталы, бағаналы сынды қазақ ру-тайпалары атауларының мән-мағынасы мен тарихына кең тоқталады. Мәселен, автор «найман» этнонимінің астарын моңғол немесе түрік тілдес халықтардан емес, нақтылы парсы сөзінен іздеуді ұсынады. Парсы тіліндегі «Найман» сөзінің мағынасы – «керней тартушы адам», «керней тайпасының адамы» немесе «кернейші» дегенді білдіреді.
Зерттеу еңбегінде автор қазақтың ру-тайпа атауларынан басқа, Шыңғыс ханның этникалық тегі туралы мәселеге тоқталып, найман-монғол соғыстары кезеңінде тарих сахнасына шыққан ірі тұлға – Күшілік хан жайлы тың мәліметтер келтіреді.
Басылым қазақтың шежіресіне, халқымыздың тарихи қалыптасуына қызығушылық танытатын барлық оқырманға арналған. Кітап тұсаукесеріне оқытушылар, ұстаздар, студенттер, мектеп оқушылары, кітапхана оқырмандары қатыспақ.
Келем деушілерге есік ашық.

                                                   Байланыс: Абылгазинова Гүлбаршын, тел. 261333

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26338668
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102