homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ«Менің сүйікті кітапханам»: бейне-роликтер сайысы
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Менің сүйікті кітапханам»: бейне-роликтер сайысы

А. С. Пушкин атындағы кітапхана Қазақстандағы Жастар жылына орай «Менің сүйікті кітапханам» бейне-роликтер сайысын жариялайды. ХХІ ғасырда кітапхана әлі де түрлі салада білім беретін мәдениет пен қосымша білім берудің маңызды мекемесі болып табылады. Білімге  негізделген экономиканы құру үрдісінде де кітапханалардың алатын рөлі ерекше. Біз кітапхана оқырмандарын, жастарды, студенттер мен оқушыларды өзекті кітапханалық тақырыпқа арналған бейнероликтер байқауына қатысуға шақырамыз.
 

ШҚО мәдениет, архивтер
және құжаттама басқармасы
«А.С. Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасы»

КММ директорының орынбасары
Б.Ж. Шағиева


Қалалық жасөспірімдер мен жастар арасында өтетін
«Менің сүйікті кітапханам» атты бейнежазба түсіру байқауының
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ақпарат
Бар білімнің қайнар көзі – кітапхана. Ол – талай ғұлама бас иген киелі орын. Бүгінгідей ғылым мен жаңа технологияның қарыштап дамыған заманында да кітап пен кітапхана өзінің құндылығын жоғалтпай, заманға сай жаңғырып, жергілікті халықпен біте қайнасып, қызметін жаңа жүйемен жалғастырып келеді. Осыған орай А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана жастардың кітап оқу мен кітапханаға деген қызығушылықтарын ояту мақсатында өз оқырмандарының арасында «Менің сүйікті кітапханам» атты қалалық бейнежазба түсіру байқауын ұйымдастырады.

 

2. Сайысты ұйымдастырушылар мен қатысушылар
2.1. Байқауды ұйымдастырушы – А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы;
2.2. Байқауға 12-35 жас аралығындағы барлық жасөспірімдер мен жастар қатыса алады.

3. Сайыстың мақсаты мен міндеттері
3.1. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыр» мақаласында аталып өткендей қоғамның рухани құндылығы – кітап пен оқуға көңіл бөлу;
3.2. Әлеуметтік желі мүмкіндіктерін пайдалана отырып кітап оқу мен кітапхананы жұртшылыққа насихаттау;
3.3. Ағымдағы жылдың «Жастар жылы» деп жариялануына байланысты, дарынды жастарға қолдау көрсету;
3.5. Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және жастарға кітапхананың құндылығын дәріптеу.

 

4. Сайысты өткізу мерзімі
4.1. 1 қазан - 15 қараша аралығында, онлайн режимде өтеді.
4.2. Байқауға қатысқан жұмыстарды талдап, жеңімпаздарды анықтау –15-20 қараша аралығында жүргізіледі;

 

5. Сайыстың шарттары:
5.1. Бейнежазба тек қана А.С. Пушкин атындағы ШҚО кітапханасы туралы болуы тиіс.
5.2. Байқауға қатысушылар түсірген бейнежазбаларын – This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
поштасына жіберулері керек.
5.3. Бейнежазбалар сапалы әрі көлемі 5-6 мин. аспауы тиіс;
5.4. Байқауға қатысушылар бейнежазбаларын қазақ, орыс, ағылшын т.б. тілдерде де жариялауға болады;
5.6. Бейнежазба байқауына қатысқан үміткерлер бейнежазбада толық аты-жөнін, оқу орны мен байланыс телефонын көрсетуі керек;
(сұрақтар бойынша төмендегі көрсетілген телефондарға хабарласуға болады);
5.7. Жеңімпаздар виртуалды пайдаланушылардың дауыс беруі және әділқазылар алқасымен анықталады.

 

6. Сайыс жеңімпаздарын бағалау және іріктеу критерийлері
6.1. Тақырыптың ашылуы;
6.2. Бейнежазбаның сапалы болуы;
6.2. Бейнежазбаның көркемдік ерекшелігі және жаңашылдығы.

 

7. Сайысты қорытындылау және қатысушыларды марапаттау
7.1. Сайысқа қатысушыларды марапаттау төмендегі жас ерекшелігі бойынша өтеді:
- «Үздік бейнежазба» (12-17 жас)
- «Үздік бейнежазба» (18-24 жас)
- «Үздік бейнежазба» (25-35 жас)
7.2. Сайысқа қатысушылар мен жеңімпаздар диплом және сыйлықтармен марапатталады.

 

8. Байланыс телефондары
8 (7232) 261333, 87758301250, 87055412525 е-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26342270
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102