homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВШЕКСІЗ ОҚУЛАР: ЖАҢА КЕЗДЕСУЛЕР
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

ШЕКСІЗ ОҚУЛАР: ЖАҢА КЕЗДЕСУЛЕР

25 - 28 қараша 2019 жылы Шығыс Қазақстан кітапханаларында «Ресей-Қазақстан» жобасы аясында жаңа кездесулер өтеді.
25 қарашада сағат 17.00-де Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында жазушы, журналист, саяхатшы Евгений Рудашевскимен бейресми кездесу-танысу өтеді. Шығармашылық кездесуге жазушылар, заманауи әдебиетке қызығушылығы бар барлық тілек білдірушілерді шақырамыз.

26 қараша сағат 11.00-де А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы барша балалар, ата-аналар мен педагогтарды көптеген жас оқырман жүрегін жаулап алған заманауи танымал авторлар кітаптарының көрме-тұсаукесеріне шақырады. Көрме "Ресей-Қазақстан. Шексіз оқулар" халықаралық жобасы аясында ұйымдастырылады.
Ресейдің жетекші баспаларының үздік балалар кітаптары: Балалар кітап үйі / «Детское время», «Поляндрия», «КомпасГид», «Розовый жираф», «Самокат», «Речь», «Белая ворона» баспаларымен Ресей Федерациясының Ленинград облыстық балалар кітапханасының мамандары – Татьяна Андреевна Белинская мен Екатерина Кузьмина таныстырады.
Жарқын көрме кез келген талғамға арналған. Бұл Наталья Евдокимова мен Марина Аромштамның тағылымды тарихы. Артур Гивовтың адал да ирониялық әңгімелері. "Амстердам Хармсы" Тоон Теллегеннің парадоксалды ертегілері. Давиде Морозинотто, Розмари Уэллс, Паола Дзаннонердің керемет шытырман оқиғалы романдары. Корнелия Функе, Эйко Кадоно, Эмили Лайт т.б. тамаша, тартымды да қызықты кітаптары.
Кездесудің құрметті қонағы – балалар мен жастар әдебиеті саласында көптеген марапаттарды иеленген жазушы Евгений Рудашевский болмақ. «Здравствуй, брат мой Бзоу!» повесі үшін "Книгуру" конкурсының лауреаты (2013), «Ворон» кітабы үшін В.П. Крапивин атындағы сыйлықты иеленген. Аталған кітап Халықаралық
Мюнхен жасөспірімдер кітапханасының сарапшыларымен "Белые вороны 2017" көрнекті кітаптар тізіміне енген. Рудашевский жасөспірімдерге арналған шытырман әдебиеттің жаңа жанрлық үлгісін жасай алды. Жас қаламгер туындыларында: борыш пен адалдық, достық пен махаббат, зұлымдыққа төзбеушілік туралы өте қарапайым тілмен жеткізген.
Бүгінгі күні ата-аналар мен педагогтар баланың оқуға деген сүйіспеншілігін ерте жастан бастап оятуға тырысады. Себебі, кітаптар ой-өрісті кеңейтеді, ақыл-ойды арттырып, қиялды дамытады. Дегенмен, «балаларды тәрбиелемеңіз, олар бәрібір сізге ұқсайды, алдымен өзіңізді тәрбиелеңіз» деген сөз де бар. Сондықтан, жай ғана балаңызбен бірге кітапханаға келсеңіз болғаны! Балаңызға жақсы үлгі бола болыңыз!

Байланысшы: Максимова М.М., тел.: 261-333, моб.: 87053180950

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26331848
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102