Уатхан Жүнісов: «Ұлы даланың әуезді әуендері»
- Толығырақ
- Құрылды 05.12.2019 10:18
2019 жылдың 7 желтоқсанында сағат 14.00-де Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Шығыс Қазақстанға танымал музыкант, композитор, оқытушы Уатхан Жүнісов жетекшілік ететін шығармашылық топтар дайындаған «Ел бірлігі» / «Біз біргеміз» тақырыптық музыкалық бағдарламасы өтеді.
Сарсен Аманжолов атындағы ШҚМУ-дің музыкалық білім кафедрасының аға оқытушысы Уатхан Жүнісов ұлттық музыкалық өнер саласындағы жас таланттарға қолдау көрсетіп, олардың шеберліктерін шыңдап, көркемөнерпаздар шығармашылығын дамыту бағытында белсенді қызмет етуде.
«Ел бірлігі» музыкалық бағдарламасында Уатхан Жүнісов құрастырған «Ұлы даланың әуезді әуендері» музыкалық шығармалар жинағы ұсынылады. Бұл жинақта қазақ, қырғыз және Алтай аймағының ақын, композиторлары мен елге таныла қоймаған әуесқой сазгерлерінің ән-күйлері нотаға түсіріліп, оған қоса өмірбаяндары және Шығыс Қазақстан облысының музыкалық аспаптар жасаушы шеберлерінің шығармашылық жұмыстары туралы баяндалған. Кітап музыкалық білім алушылар мен жалпы өнер сүйер қауымға арналған.
Кеш қонақтары қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының көрінісі аясында, «Ертіс концерт» әншісі Айжан Мазкенованың, "Әлдикөк", "Серпін", "Қазына" ансамбльдерінің орындауындағы халық әндерін, қазақ сазгерлерінің әндерін тыңдайды.
Біз оқырмандарымызды және барлық халықтық өнерді бағалайтын көпшілік қауымды «Ел бірлігі» / «Біз біргеміз» музыкалық бағдарламасына шақырамыз.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26341443
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы