Тәуелсіздік жастары: «Қара өлең, қасқа бұлағым...»
- Толығырақ
- Құрылды 06.12.2019 14:19
2019 жылдың 11 желтоқсаны күні сағат 15.00-де А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Тәуелсіздік құрдастары, өлкеміздің жас ақындары – Оразай Жеңісұлы, Алтынғадыс Күнтуғанұлы, Әлішер Әлімжановпен кездесу өтеді.
Жастар жылын аяқтап, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 28 жылдығын мерекелеу қарсаңында әңгіме аға буын ақындардың рухани әлемі Тәуелсіздік жылдары дүниетанымы қалыптасқан жастар идеалы мен амбициясынан несімен ерекшеленеді деген сауал төңірегінде болмақ.
Жас ақындар Қазақстандағы Жастар жылы оқиғаларын қалай бағалайды, бұл акция оларға не берді, еліміздің Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген табыстарын жақында өткен мемлекеттің өткенімен салыстырғанда қалай қабылдайды, республиканың болашағы мен өз болашақтарын қалай көреді?
Ақындарымыз жиырмадан енді ған асқан жас болса да қазірдің өзінде олардың өлеңдері жарияланып, байқауларға қатысып жүр. Оразай Жеңісұлы - 1998 жылы дүниеге келген. Өскемен қалалық А.Байтұрсынов атындағы №20 мектептің түлегі. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті журналистика мамандығының 4 курс студенті. ШҚО «Дидар» газетінің тілшісі. Өскемен қалалық «Шабыт» ақындар мектебінің мүшесі.
Алтынғадыс Күнтуғанұлы - 1997 жылы Моңғолияның Баян-Өлгий қаласында дүниеге келген. Орта мектепті Өлгий қалалық №6 толық орта мектебінде тамамдаған. Қазір ШҚМУ-дың «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығында оқиды. Өлеңдері: «Азаттығым – Ғажап Күнім» атты антологияда жарық көрген. Халықаралық, Республикалық, облыстық жыр-мүшәйралардың жүлдегері. Құрманхан Мұқамадиұлы, Мұқағали Мақатаев, Есенқұл Жақыпбеков атындағы әдеби сыйлықтардың иегері.
Әлішер Әлімжанов - 1998 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар аулында дүниеге келген. Қ.Билялов атындағы гимназияның түлегі. Өскемен политехникалық колледжін бітірген. Қазір Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің 4-курс студенті. Өскемен қалалық «Шабыт» ақындар мектебінің мүшесі. Облыстық және республикалық мүшәйралардың жүлдегері. Өлеңдері түрлі облыстық басылымдарда жарық көрген.Кездесу кешінде жас ақындармен тереңірек танысу «Өзге емес, өзім айтам өз жайымда», «Тосын сұрақ», «Қонақкәде» айдарлары аясында өтеді.
Алаш рухын асқақтатар өлеңдерімен қатар лирикалық өлеңдерімен де оқырман жүрегінен орын алып жүрген, өлкемізге танымал жастардың жыр кешіне келіңіздер, көріңіздер!
Байланысшы: Абылгазинова Г.Т., анықтама тел. 26-13-33
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26341443
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы