"Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталды
- Толығырақ
- Құрылды 09.01.2020 12:25
А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының директоры Шағиева Бибігүл Жамбылқызы және Анықтама-библиографиялық қызмет орталығының Өлкетану-библиографиялық секторының меңгерушісі Слямова Зиза Мұхтарханқызы 2020 жылдың қарсаңында көп жылдық еңбегі мен ел мәдениетінің дамуына қосқан үлесі, мәдениет саласындағы инновациялық қызметтері үшін «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Мемлекеттік деңгейдегі наградалар жоғары кәсіпқойлықты растайды. Кез-келген адамның өміріндегі мұндай сәттер өте қызықты және ұмытылмайды.
Шағиева Бибігүл Жамбылқызы – 1984 жылы Барнаул қаласындағы Алтай мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек өтілі 38 жыл, кітапханада - 33 жыл. Бибігүл Жамбылқызы кітапхана ісінің жаңа бағыттарын ынтамен зерттеп, ұжыммен бірге оларды кітапхана өмірінде жүзеге асырады. Бибігүл Жамбылқызы - кітапхана ісіне шығармашылықпен, қызығушылықпен қарайтын тұлға. Ол Дүниежүзілік кітапханашылар конгресі, Кореядағы, Финляндиядағы, Грециядағы IFLA халықаралық конференциялары, БҰҰ Даму бағдарламасы (2014 ж.), Астана және Алматы қалаларындағы ҚР Ұлттық кітапханаларының республикалық конференциялары мен форумдарына (2014-2015 жж.) қатысқан. Үздіксіз кәсіби білім беру бағдарламасын қолға ала отырып, А.С. Пушкин атындағы кітапханада оқу семинар-тренингтер, кеңестер жүргізеді.
Слямова Зиза Мұхтарханқызы 1984 жылы Қазақ қыздар педагогикалық институтын кітапханашы және библиография мамандығы бойынша бітірді, жалпы жұмыс өтілі - 44 жыл, кітапханада - 43.
Зиза Мұхтарханқызы өлкетану жұмыстарын жүргізеді, Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік тілде электронды мәліметтер базасын құруға қатысады. Сондай-ақ өлкетану жұмысының жаңа формаларын жүзеге асырып, халықаралық кітапхана тәжірибесіне сүйене отырып зерттеулер жасайды. Жергілікті жазушылар, тарихшылар мен зерттеушілерден жаңа серіктестерді шебер тартып, өз тәжірибесімен жас әріптестерімен бөліседі.
А.С. Пушкин атындағы кітапхана ұжымы әріптестерінің марапаттарын мақтан тұтады және жаңа шығармашылық жетістіктер тілейді.
Байланыс тел.: 261 333
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26331848
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы