Ел президенті Қ. К. Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласы туралы
- Толығырақ
- Құрылды 09.01.2020 14:06
Биылғы аталып өтетін маңызды даталардың бірі – Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында ел президенті Қ. К. Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласының жарыққа шығуы Абай шығармашылығының аса маңыздылығын айқындай түседі.
Менің ойымша, Ұлы ақын заманынан бері екі ғасырға жуық уақыт өтсе де ақын шығармаларының өзектілігі одан сайын арта түсуде. Қазіргі жахандану, озық технологияның даму дәуірінде ұлы бабамыздың идеялары бізге жаңа бағыт-бағдар беріп, бүгінгі күнгі биік шыңдарды еңсеруге көмектесетін басты принциптер деп түсінемін. Өйткені ол шығармасы арқылы ұлтты жаңғыруға, жаңаруға, жаңа өмірге бейім болуға шақырады. Халқын ғылым мен өнерді игеруге, ана тілін құрметтеп, өзге тілдерді меңгеруге, ұлтжандылық пен әлеуметтік жауапкершілікке насихаттайды. Әрбір қара сөзі арқылы адамды тек қана алға жетелейтін Абай мұрасының қазіргі таңдағы қоғамдық сананы жаңғыртуға қосар үлесі ерен.
Емельбаева Меруерт Бауыржанқызы
А.С. Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапхана директорының орынбасары
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26330331
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы