homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВДана Абай әлемі: мерейтой жылының ашылуы
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Дана Абай әлемі: мерейтой жылының ашылуы

2020 ж. 22 қаңтар күні сағат 10.00-де А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтой жылының салтанатты ашылуы өтеді. Аталған мерекеге облыстық мәслихаттың депутаты Әнуарбек Мұхтарханов, Ресейдің Өскемен қаласындағы бас консулдықтың вице-консулы Тищенко Николай Михайлович, белгілі жазушы, абайтанушы, Абай туралы сөзжұмбақтардың авторы Қалибек Алтыбаев, Қазақстандағы тұңғыш «Әкелер мектебі»-нің негізін қалаушы әрі директоры Сәдуақасов Ертісбек Қайырбайұлы және қаланың белгілі тұлғалары, мәдениет қызметкерлері, мұғалімдер, студенттер мен мектеп оқушылары қатысады.

Биыл еліміз жыл көлемінде Абайды оқып, ақын мұрасынан рухани нәр алады. Кітапханада ұйымдастырылатын «Адамзаттың Абайы» атты ауқымды кітап көрмесі Абайды тағы бір мәрте әр қырынан тануға мүмкіндік береді: Абай қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы... Абай ағартушы.... Абай гуманист... Абай жаңашыл... . Абай мерейтойы жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясының таңдалуы да орынды.
Ал Абай шығармалары қанша тілге аударылған? Нақты дәлелдер болмағанмен, түрлі деректерге сүйенсек ақын шығармалары 35-42 тілге аударылған және олардың электронды нұсқасын кітапханамыз жасаған «Біздің Абай/Наш Абай» abai.pushkinlibrary.kz электронды кітапханасынан әлемнің 29 тілінде оқуға болады.

Абайдың тұңғыш кітабы осыдан 100 жыл бұрын 1909 жылы Санкт-Петербург қаласында Ілияс Бораганский баспасынан жарық көргені белгілі. Аталған еңбек араб қарпімен жазылғандықтан бүгінгі күні оны тек санаулы оқырман ғана оқи алады. А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана мобильді қосымшаның көмегімен бұл мәселенің шешімін тапты. Енді Абайдың «арабтың өрме жазуымен» жазылған алғашқы баспа шығармаларын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде кез келген гаджеттен оқуға болады.
Мерекенің салтанатты бөлімінен соң барша қатысушылар үшін келесі шаралар ұйымдастырылады:
- филология ғылымдарының кандидаты, ph.D докторы Люция Абдуллинаның «Заманауи оқудағы Абай» атты интерактивті, авторлық дәріс-әңгімесі;
- «Мен бір жұмбақ адаммын...» сөзжұмбақ сайысы, модератор – белгілі журналист, жазушы, абайтанушы, сөзжұмбақ құрастырушы Қалибек Алтыбаев. Қалибек Қизатұлы ұлы ақынның шығармалары мен Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясының фактілері негізінде екі мыңнан астам сұрақ құрастырған. Оның барлығы автордың 270 беттен тұратын «Абай әлемі» сөзжұмбақ кітабының екінші басылымына енген;
- Абай шығармашылығы бойынша облыстық тілдерді дамыту басқармасының Лингвистикалық орталығының мамандары дайындаған латын әліпбиіндегі диктант;
- «Абай менің жүрегімде» атты ақынның өлеңдері оқылып, әндері орындалатын ашық микрофон.
Абайдың келер ұрпаққа арнаған терең мағыналы ой-тұжырымдары бүгінгі күні де өзектілігін жоймаған. Ақын өлеңдерінің әр шумағы адам өмірінің, құндылықтарының мәнін ашып, үнемі дамуға, жетілуге, өзінің рухани әлемін байытуға жетелейді. Абайдағы тұтастық формуласы өміріміздің кез келген саласында ұранымыз болмақ. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан" атты мақаласында да атап өтті.
Біз ұлы жерлесіміз Абай Құнанбайұлының мерейтойын зор қуанышпен әрі мақтанышпен қарсы аламыз және барлық оқырман мен қала тұрғындарын бізбен бірге дана тұлғамызды ұлықтауға шақырамыз. Абайды оқып, рухани әлемімізді нығайтып, даму мен жасампаздық жолында бірлігіміз арта түссін! Баршаңызды хакім Абай Құнанбайұлының мерейтой жылының ашылу салтанатына шақырамыз!

                                                                                                                                                                                                                                                           Байланысшы: Сақпанова Жанна, тел. 261333

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26330331
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102