Рухани жаңғыру: Дана Абай әлемі: мерейтой жылының ашылуы
- Толығырақ
- Құрылды 22.01.2020 13:39
22 қаңтар күні ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «А. С. Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасында халқымыздың ең аяулы перзенті мен дана ұстазы, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтой жылының ашылу салтанаты өтті. Аталған мерекеге облыстық мәслихаттың депутаты Әнуарбек Мұхтарханов, Өскемен қаласындағы бас консулдықтың вице-консулы Тищенко Николай Михайлович, белгілі жазушы, абайтанушы, Абай туралы сөзжұмбақтардың авторы Қалибек Алтыбаев, Қазақстандағы тұңғыш «Әкелер мектебі»-нің негізін қалаушы әрі директоры Сәдуақасов Ертісбек Қайырбайұлы және қаланың белгілі өкілдері, мәдениет қызметкерлері, мұғалімдер, кітапханашылар, студенттер мен мектеп оқушылары қатысты.
Мұхтарханов Әнуарбек Мұхтарханұлы, облыстық мәслихаттың депутаты
Абайдың келер ұрпаққа арнаған терең мағыналы ой-тұжырымдары бүгінгі күні де өзектілігін жоймаған. Ақын өлеңдерінің әр шумағы адам өмірінің, құндылықтарының мәнін ашып, үнемі дамуға, жетілуге, өзінің рухани әлемін байытуға жетелейді. Абайдағы тұтастық формуласы өміріміздің кез келген саласында ұранымыз болмақ. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан" атты мақаласында да атап өтті.
Тищенко Николай Михайлович, Өскемен қаласындағы бас консулдықтың вице-консулы
Биыл еліміз жыл көлемінде Абайды оқып, ақын мұрасынан рухани нәр алады. «Адамзаттың Абайы» атты ауқымды кітап көрмесі Абайды тағы бір рет әр қырынан тануға мүмкіндік береді :... Абай ағартушы.... Абай гуманист... Абай жаңашыл...Абай қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы. 2006 жылы Ресейдегі Абай жылы аясында Мәскеу орталығындағы Чистопрудный бульварында Абайға ескерткіш орнатылған еді. Бұл ескерткіш Қазақстан мен Ресей халықтары арасындағы достықтың символы іспетті.
Жанна Сақпанова, Кітапхананың анықтамалық және библиографиялық қызметі орталығының жетекшісі:
- Биыл ұлы ақынның мерейтойы жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясының таңдалуы да орынды. Абай шығармалары қанша тілге аударылған? Нақты дәлелдер болмағанмен, деректерге сүйенсек 35-42 тілге аударылған және олардың электронды нұсқасын «Біздің Абай/Наш Абай» abai.pushkinlibrary.kz электронды кітапханасынан әлемнің 29 тілінде оқуға болады.
Алишер Мишелев, Білім Орталығының маманы:
-Абайдың тұңғыш кітабы осыдан 100 жыл бұрын 1909 жылы Санкт-Петербург қаласында Ілияс Бораганский баспасынан жарық көргені белгілі. Аталған еңбек араб қарпімен жазылғандықтан бүгінгі күні оны тек санаулы оқырман ғана оқи алады. Бүгін біз осы мәселенің шешімін тауып, Абай жылының ашылу күні мобильді қосымша арқылы қалай «арабтың өрме жазуын» оқуға болатындығын көрсеттік. Кітапханада Абайдың алғашқы баспа жұмыстарын кез-келген гаджеттен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқуға болатын жеке басылым құрылды. Абайдың өлеңін араб тілінде суретке түсіре отырып, жоғарыда аталған тілдердің кез-келгеніне аудио және мәтіндік аударма алуға болады.
Ұлы жерлесіміз, гуманист жазушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай А.С. Пушкин атындағы кітапхана кітапхана сайтындағы ю-туб каналында қазақ және орыс тілдерінде «Абайдың қарасөздері» бейне жобасын ұсынады. Оқитын № 47 мектептің тарих пәнінің мұғалімі Тоқтар Шәріпханов пен С.Аманжолов атындағы ШҚМУ студенті Алишер Мишелев.
Кітапхана қызметкерлері мерейтойлық жылдың ашылуына Абайдың өмірінен фото галерея және «Абай Құнанбаев» кәдесый магнит кітапшасын шығарды.
Мерекенің салтанатты бөлімінен соң барша қатысушылар үшін, филология ғылымдарының кандидаты, ph.D докторы Люция Абдуллинаның ««Заманауи оқудағы Абай»» атты интерактивті, авторлық дәріс-әңгімесі, белгілі журналист, жазушы, абайтанушы, сөзжұмбақ құрастырушы Қалибек Алтыбаевтың жетекшілігімен «Мен бір жұмбақ адаммын...» сөзжұмбақ сайысы, Қалибек Қизатұлы ұлы ақынның шығармалары мен Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясының фактілері негізінде екі мыңнан астам сұрақ құрастырған. Оны автордың 270 беттен тұратын «Абай әлемі» сөзжұмбақ кітабының екінші басылымы дәлелдейді. Сондай-ақ, қонақтарымыздың бір тобы облыстық тілдерді дамыту басқармасының Лингвистикалық орталығының мамандары дайындаған Абай шығармашылығы бойынша латын әліпбиінде диктантқа қатысты.
Мәдени іс-шараға келген қонақтар «Абай жүрегімде» атты ашық микрофонға қатысып, ақынның өлеңдерін оқып, әндерін орындады.
|
|
|
|
|
|
|
Байланысшы: Жансая Ашкенова
Байланыс тел.: 26-13-33 (119)
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26329880
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы