homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ «Сыр - сұлтаны, жыр - тұлпары»:Әбділдә Тәжібаевтың шығармаларын жатқа оқу сайысы
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Сыр - сұлтаны, жыр - тұлпары»:Әбділдә Тәжібаевтың шығармаларын жатқа оқу сайысы

Қазақ поэзиясының аса көрнекті шебері, ірі драматург және белгілі әдебиет зерттеушісі Ә.Тәжібаев – поэзияда лирика мен поэма жанрын қатар алып жүрген ақын. Ақын поэзиясын басқа бірде-бір ақынның туындыларымен шатастыру мүмкін емес. Оның поэзиясы - тың ізденістің, жоғары мәдениеттің, кәнігі шебердің поэзиясы.

Қалалық жасөспірімдер мен жастар арасында өтетін 

«Сыр - сұлтаны, жыр - тұлпары» атты Әбділдә Тәжібаевтың шығармаларын
жатқа оқу сайысының
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ақпарат
Ә. Тәжібаевтың туғанына 110 жыл толуына байланысты «Бір ел - бір кітап» ақциясында ақын шығармалары таңдалынып алынды. Осыған орай «Сыр - сұлтаны, жыр - тұлпары» атты Ә. Тәжібаевтың шығармаларын мәнерлеп, жатқа оқу сайысы өтеді;

2. Сайысты ұйымдастырушылар мен қатысушылар
2.1. А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы;
2.2. Сайыс координаторы - А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының Білім-орталығы;
2.3. Сайысқа 15-25 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастар қатыса алады.

3. Сайыстың мақсаты мен міндеттері
3.1. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласында атап өткендей қоғамның рухани құндылығы - кітап пен оқуға көңіл бөлу;
3.2. Әлеуметтік желі мүмкіндіктерін пайдалана отырып ақынның өлең-жырларын насихаттау;
3.3. «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында Ә. Тәжібаевтың шығармаларын терең зерттеп, жасөспірімдер мен жастардың кітап оқуға деген белсендігін арттыру;
3.4. Ағымдағы жылдың «Жастар жылы» деп жариялауына байланысты дарынды жастарға қолдау көрсетіп, халыққа таныту.
3.5. Әбділда Тәжібаевтың шығармаларын мәнерлеп, жатқа оқу сайысының жүлдегерлерін анықтап, мадақтау.
4. Сайысты өткізу мерзімі
4.1. Сайыс 2 айналымнан тұрады.
- 1-ші айналым – 2019 ж. 1ақпан - 10 сәуір аралығында, онлайн режимде өтеді.
Финалға өтетін қатысушылар виртуалды пайдаланушылардың дауыс беруі және әділқазылар алқасымен анықталады;
4.2. Сайыстық жұмыстарды талдау және финалға қатысушыларды іріктеу – 11-15 сәуір аралығында жүргізіледі;
- 2-ші айналым – 2019 ж. 19 сәуір күні нақты уақытта, А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада өтеді. Жеңімпаздар әділқазылар шешімімен анықталады.

5. Сайыстың шарттары:
5.1. Сайысқа қатысушылар Әбділда Тәжібаевтың шығармасын жатқа оқыған бейнежазбасын ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі - https://vk.com/vkob_biblioteka_pyshkina парақшасына тіркеліп, бейнежазбалар келесі хэштегтермен белгіленуі керек:
#пушкинкітапханасы #Ә.Тәжібаевоқулары #сайыс
5.2. Бейнежазбалар сапалы, жеңіл болуы шарт;
5.3. Сайысқа қатысушылар Әбділда Тәжібаевтың шығармаларының өзге тілдегі аудармасын да жатқа оқуына болады;
5.4. Тапсырыс келесі мекенжайда қабылданады: А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана, Қазақстан к-сі, 102. №15 каб. (Білім-орталығы), сондай-ақ е-майл: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды адресіне жіберуге болады;
5.4. Финалға өтетін қатысушылар виртуалды пайдаланушылардың дауыс беруі және әділқазылар алқасымен анықталады;

6. Сайыс жеңімпаздарын бағалау және іріктеу критерийлері
6.1. Шығарманы мәнерлеп жатқа оқу деңгейі;
6.2. Шығарманың мағынасын ашу (логикалық екпіннің дұрыс қойылуы, интонация, темп);
6.3. Әртістік қабілеті;
6.4. Сахналық мәдениеті (киім, өзін ұстау мәнері).

7. Сайысты қорытындылау және қатысушыларды марапаттау
7.1. Сайысқа қатысушыларды марапаттау төмендегі үш номинациямен өтеді:
- «Үздік мәнерлеп оқушы» (12-16жас)
- «Үздік мәнерлеп оқушы» (17-20 жас)
- «Үздік мәнерлеп оқушы» (21-25 жас)
- «Көрермен көзайымы» (12-16 жас, 17-20 жас, 21-25 жас)
7.2. Сайысқа қатысушылар мен жеңімпаздар диплом және сыйлықтармен марапатталады.

8. Байланыс телефондары
8 (723)2 261333, 87758301250, е-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.\


Қосымша

Қалалық жасөспірімдер мен жастар арасында өтетін
«Сыр - сұлтаны, жыр - тұлпары» атты Әбділда Тажібаевтың шығармаларын
жатқа оқу сайысына

Өтініш

Қатысушының аты-жөні:
(толық) ___________________________________________________________________

Туған күні, айы, жылы: ____________________________________________________

Оқу немесе қызмет орны: _________________________________________________

Байланыс телефоны:_______________________________________________________


Күні ______________ Қолы______________

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26341799
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102