«Кедергісіз кітапхана» жобасы аясында
- Толығырақ
- Құрылды 13.02.2019 17:18
Жаңа жылда кітапхана қызметкерлерімен «Алтын-Ай» мүгедек әйелдер қоғамдық бірлестігінің шығармашылық ынтымақтастығы жалғасуда.13 ақпанда, балалар оқуы және әлеуметтік бағдарламалар Орталығында қоғамдық бірлестіктің тәрбиеленушілері әуесқой музыкант Александр Сребневпен кездесті.
Көптеген жылдар бойы біздің тұрақты оқырманымыз Александр Дмитриевич кітапханаға кітап алуға ғана емес, сонымен бірге мәжіліс залында орналасқан фортепьянда ойнауға келеді. Оқырманымызға музыкалық сауаттылық сабақтарын кітапхана қызметкері Әсел Омарова оқытады.
Александр Дмитриевич қонақтарға классикалық және эстрадалық музыкалық туындыларды ойнап берді. Музыка бізді қуантып, көңіл-күйімізді көтеріп қана қоймайды. Ол бізге көп нәрсені үйретеді. Кітап сияқты бізді жақсы, ақылды, мейірімді етеді – деп Александр Дмитриевич Сребнев өзінің музыкалық қойылымын дирижер, пианист Дмитрий Борисович Кобалевскийдің сөзімен бастады.
Фарида Ақжігітова, кітапхана маманы:
«Балалар музыканы мұқият тыңдап, ойға беріліп, сезімге бөленеді. Эстрадалық заманауи әндерді тыңдағанда көңіл-күйлері көтеріліп, музыкантпен бірге ән шырқайды. Жалпы «Алтын-Ай» қоғамдық бірлестігінің тәрбиеленушілерімен кездесулер әр сәрсенбі сайын өткізіледі. Біз сурет салып, ойын ойнап,табиғи материалдардан әр түрлі қолөнер бұйымдардан жасап, компьютермен жұмыс істеуді үйренеміз. Біздің міндетіміз - бұл балаларға қоғамға бейімделуге көмектесу.
Құрметті кітапхананы пайдаланушылары, қымбатты оқырмандар! Егер ақпарат қызықты десеңіз, сізде осы кездесулерге қосылып, келесі іс-шараға қатыса аласыз.
Байланысшы: Ашкенова Ж. тел.26 13 33, (119)
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26343444
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы