homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВБалалар жазушысы Күлмай Сембайқызымен кездесу
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Балалар жазушысы Күлмай Сембайқызымен кездесу

15 ақпан күні  кітапханада жерлесіміз, Ұлан ауданында білім саласында ұзақ жылдар еңбек етіп, ұрпақтарға білімнің нәрін берген-зейнеткер ұстаз, ақын, балалар шығармашылығының жанашыры Сембаева Күлмаймен кездесу өтті.

Кездесуге қаламыздағы №35 орта мектебі және Степной орта мектебінің бастауыш сынып оқушылары және «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілері келді. Кездесу шымылдығын «Тастүлек» жас ақындар мектебінің шәкірттері автордың өлеңдерін мәнерлеп оқумен ашып берді. 

Гүлнұр Зұлқаршын, жүргізуші, кітапхана маманы
Сембаева Күлмай-балалар әдебиетіне көп үлес қосқан қалемгер. Автордың балаларға арналған «Әріптер әлемінде», «Балғын ұрпақ бақытым», «Сиқырлы әріптер» сияқты өлең, жыр жинақтарымен қатар жалпы оқырман қауымға арналған «Ардагерлер ұмытылмайды», «Ауылдан шыққан ғалым», «Мектеп тарихы ауылмен тағдырлас», «Бестеректен шыққан ұшқыш қыз» атты шағын кітаптары жарық көрген.

Қуатбек Бақдаулет, жүргізуші, кітапхана маманы

Кішкентай оқырмандарымыз (№35 мектеп оқушылары) дайындаған Күлмай Сембайқызының шығармасы желісі бойынша «Жыл он екі ай» театрланған көрінісі кездесуді қыздыра түсті. Кездесу барысында автордың «Мақтаншақ бақа» атты өлеңі бойынша логикалық-әңгіме құрастыру ойыны өткізілді. Бұл ойында оқушылар зейін-қабілеттерін көрсетумен қатар, импровизаторлық өнерін шыңдай алды. Ойын соңында автордың өз нұсқасы балаларға ұсынылды.
Кітапхананың дәстүрлі «Кітап сыйлыққа» ойыны бұл кездесуде де өз жалғасын тапты. Ұлағатты ұстаз, қаламгер ақынға жас оқырмандары кездесу барысында таласа-тармаса өз сұрақтарын қойды. Ең қызықты сұрақ қойған оқырманға кездесу соңында кітаптар табыс етілді. Басқосу соңында, автордың «Мектебім» әнін жас әнші Қыдырмолдин Фарид орындады. Кездесуге жиналған қонақтар Күлмай Сембайқызымен естелікке суретке түсіп, ой бөлісті. Кездесу соңынан Күлмай Сембайқызы оқырмандарына алғыс арнауын өлеңмен жеткізді.

Sembaeva 1 Sembaeva 3        
           

 

 

Байланысшы: Жансая Ашкенова
Байланыс тел.: 26-39-46 (119)

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26343367
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102