«Әйел – Аңыз. Көшбасшы»
- Толығырақ
- Құрылды 27.02.2020 13:35
Әйел – ғибратты ғұмыр иесі, әсемдік пен әдеміліктің, сұлулық пен ізгіліктің символы. Кітапханадағы Халықаралық әйелдер мерекесіне орай ұйымдастырылған «Әйел – Аңыз. Көшбасшы» атты кітап көрмесі есімдері тарих қойнауына еніп, ел жадында қалған және қазіргі күннің батыл да, сұлу, өнерлі де табысты ізгі жандары жайлы сыр шертеді.
Әдебиеттер экспозициясын Ұлы дала тарихында есімдері аңызға айналған нәзік жанды, ер мінезді әйелдерге арналған «Қайсар рухты арулар» бөлімі ашады. Олар – жауынгер скиф патшайымы Тұмар, сақ патшасының қызы, Мермер қолбасшының жан жары Зарина патшайым, тағдырдың жазуымен «Халық жауының әйелдері» деген айдар тағылып тұтқындалған Алаш арыстарының әйелдері, халқының бейбіт өмірі үшін күресіп, осы жолда өмірлерін құрбан етіп, ерлік пен патриотизм символына айналған Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батыр қыздар – Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспанова және т.б.
Көрмеден орын алған қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарық көрген «Великие дочери великой степи» анықтамасы сұлу әрі парасатты 25 әйелдің образын топтастырса, 2016 ж. «Ұлы даланың дара тұлғалары» сериясымен жарық көрген «Қазақ тарихындағы әйелдер» кітабы Қазақстан тарихында ерекше орны бар 90 әйел жайлы сыр шертеді.
Қазіргі таңда көптеген қыздарымыз еліміздің қоғамдық өміріне кеңінен араласып, белсенділік танытуда. Саясатта жүрген әйелдер де баршылық. Олардың ішінде біздің жерлестеріміз де бар. Шығыс Қазақстандағы 50-ден аса әйгілі, табысты, беделді әрі белсенді аруларды сипаттайтын Шығыс Қазақстан және Өскемен қ. іскер әйелдер Қауымдастығы шығарған «Жемчужное ожерелье» және «Қазақстанның қанатты әйелдері» кітаптарын ерекше атап өтуге болады.
Әрбір әйел – актриса. Оның ішінде өнерді серігіне айналдырып, ғұмырын өнерге арнаған әйелдер де бар. Кітап көрмесінің «Сахна ханшайымдары» бөлімі өнер саласында есімдері аңызға айналған нәзік жандардың шеберліктері туралы әңгімелейді. Олар – қазақ биінің падишасы Шара Жиенқұлова, қазақ операсының негізін қалаған Күләш Байсейітова, Қазақстан және КСРО Халық әртісі, Халық Қаһарманы Роза Бағланова, «Қазақтың бұлбұлы» атанған Бибігүл Төлегенова, суретші Гульфайрус Исмаилова, кино майталмандары Сәбира Майқанова, Әмина Өмірзақова, эстрада жұлдызы Роза Рымбаева, теңдессіз Нұржамал Үсенбаева және т.б....
Әйел ер азаматты ерлікте де, шығармашылықта да шабыттандырады. Әдебиет әлемінде нәзік жандыларға жыр арнаған көптеген ақындар бар, солардың ішінен ұлы ақын Абай Құнанбайұлын ерекше айтуға болады. Кітап көрмесінің «Абайға шабыт сыйлаған..» бөлімі ақынның балалық және жасөспірім шағында қолдау көрсеткен жандар мен ақын жүрегінде ғашықтық сезімін оятқан аруларға арналады. Мейірімге толы әжесі Зере мен ақылды, парасатты, сабырлы анасы Ұлжан болашақ ақынның ең жақсы рухани қасиеттерінің негізін қалады.
Баршаңызды кітап көрмесін тамашалауға шақырамыз!
Байланысшы: Халимдарова Алия, тел. 261-333
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26053090
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы